1233

ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында әдеби қонақ бөлмесі есік ашады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайында «Түзетілген шығармамен әлемді екінші ой елегінен өткіземін» атты поляктың көрнекті ақын қызы Вислава Шимборскаяның шығармашылығына арналған кеш өтеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайында 21 мамырда «Түзетілген шығармамен әлемді екінші ой елегінен өткіземін» атты поляктың көрнекті ақын қызы Вислава Шимборскаяның шығармашылығына арналған кеш өтеді, -деп хабарлайды мұражайдың баспасөз қызметі.

Іс-шара мұражайдың «Мәдениет арқылы сұхбат» халықаралық жобасы аясында Полшаның Қазақстандағы елшілігімен бірге ұйымдастырылып отыр. 

 Вислава Шимборская (1923-2012 ж.ж.) – поляк халқының ұлы ақыны, белгілі эссеисті, халықаралық Гете атындағы (1991 ж.), Гердер атындағы (1995 ж.), сонымен бірге Нобель сыйлығының лауреаты (1996 ж.). Американың Өнер және Әдебиет академиясының құрметті мүшесі (2001 ж.). Польшаның ең үлкен «Ақ бүркіт» орденінің иегері.

Вислава ақын аса қарапайым, тұйық, жалғыздық құшағын ұнататын адам, сонымен бірге тұңғиық ой иесі, қашанда оқырмандарының жүрегін бебек қақтырады. Оның өлеңдері біліктілік биігімен, терең лиризммен, философиялық ой-қуатымен ерекшеленеді.

Ақын өмірден өткенімен, оның поэзиясына табынатындар қатары азайған жоқ. Шығармалары 36 тілге аударылған, 18 елде кітап болып басылған.

 Ақынның ішкі әлеміне үңіліп, оның жандүнесіндегі жыр әлемін түсінуді мақсат тұтқандарға әдеби қонақ бөлмесі ашылғалы отыр. 

Кешті белгілі поляк композиторы  Витольд Лютославскийдің шығармалары ашады. Кештің арнайы қонақтары Михал Русинек, Астанаға Краковадан қонақтармен кездесу үшін  арнайы келген ақынның хатшысы болып табылады.  В. Шимборскаяның өлеңдері бірнеше тілде оқылады. Бұл жыр сүйер қауымды бей-жай қалдырмайды деп санайды ұйымдастырушылар.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109