1086

«Astana Piano Passion» байқауының финалға шыққан кіші тобы Қазақстанның ең үлкен сахнасында өнер көрсетті

9 және 10 жастағы талантты пианистшілер бүгін Қазақстанның ең үлкен сахнасында оркестрмен өнер көрсетті.

9 және 10 жастағы талантты пианистшілер  бүгін Қазақстанның ең үлкен сахнасында оркестрмен өнер көрсетті. Олар өздерінің балғындықтарына қарамастан, өнерге деген құштарлықтарымен, ынта-талаптарымен, әртістік қабілеттерімен көрермендерді тез баурап алды.

Екінші турда, әсіресе, ұстаздары көбірек қобажып, толқыды. Өйткені, балалардың басым көпшілігі бұрын оркестрмен бірге өнер көрсетіп көрмеген еді. Соған қарамастан, олар толғаныстарын тез басып, бағдарламаны үздік орындап шықты. Бұл енді олардың естерінде алғашқы тәжірибелері ретінде ұзақ сақталатын болуы керек, деп санайды ұйымдастырушылар. 

Балдырғандардың сахнада музыкалық аспаптарға бойлары жетпей ұмтылғандарына қарап, қазылар алқасының езулеріне күлкі үйірілді. Ал бірақ нағыз кәсіпқой музыканттарша  әуенмен құлақ құрышын қандырғанда олардың бүлдіршін жас екендігі естен шығып кетеді. 

Астанада осы бір өнер мерекесін көзімен көріп, қаныққана байқаудың көркемдік жетекшісі Денис Мацуев үндемей қала алмады, өтіп жатқан іс-шараға былай деп түсінік берді: «Көңіл күй әсерлері мен адамдардың қуанышты сезімдері астанада өтіп жатқан іс-шараны тосынсый деп айтуға негіз береді.  Бұл жай ғана тосынсый емес, бұл халықаралық құбылыс! Барлық көрсеткіштер бойынша: байқау-фестивальдің қаралу саны, қатысушылардың белсенділігі деңгейінен  де өте жоғары болып табылады. Көрермендер мен қазылар алқасы балалар орындаған жан тебірентерлік шығармаларға өте риза болысты».

Күннің екінші жартысында «Қазақстан» ОКЗ-да финалға шыққан орта топ өнер көрсетеді. Ал кешке, 19.00-де Денис Мацуев пен байқаудың жартылай финалға шығушылары концерт береді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109