1124

Астанада Жәния Әубәкірованың фортепьяно концерті кеші өтті

Қазақстанның Халық әртісі Жәния Әубәкірова Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы студенттерінің Симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетті.

Қазақстанның Халық әртісі Жәния Әубәкірова Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы студенттерінің Симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетті. 

Фортепиано өнерінің һас шебері Бейбітшілік пен келісім сарайында елорда көрермендеріне талантты дирижер, халықаралық байқаулардың лауреаты Қанат Омаров жетекшілік ететін Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы студенттері Симфониялық оркестрінің өнерін паш етті. Антонина Дворжактың «Жаңа дүние» сериясынан № 9 ми-минорлық Симфониясын орындаған жастарға зал толы қауым алақан қыздыра қол соқты.

Студенттерінің тамаша өнерлерін көрермендер назарына ұсына отырып, Жәния Жақияқызы сахнаға концерттің екінші бөлімінде шықты. Кештің көрігін ол Йоганнес Брамстың «№ 1 оркестрмен фортепиано үшін концертімен» қыздырды.  Көпшілік ұйып тыңдап, соңынан дүркірей қол соқты.  

Концерттен кейін де көрермендер өнерлі қызын сахнадан ұзақ уақыт жібергісі келмеді. Құшағын гүлге толтырғаны өз алдына, осындай мазмұнды да адам жанын жадыратар музыка сыйлағаны  үшін алғыс сезімдерін білдіріп жатты. 

Бірінші  классикалық музыка халықаралық фестивалі мен жас пианистердің «Astana Piano Passion» байқауы аясында өтетін келесі концерт бүгін 19.00-де өтеді. Енді сахнаға Ресейдің халық әртісі маэстро Денис Мацуев шығады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109