922

Елордада әлемнің жас дарынды музыканттары өнер көрсетуде

Бүгінде бас қалада 10-16 мамыр аралығына жоспарланған І классикалық музыка фестивалі аясында "Astana Piano Passion" халықаралық жас пианистер байқауы өтіп жатыр.Ұйымдастырушылары - Астана қаласының әкімдігі мен "Accordi di Astana" қоғамдық қоры.

Мамырдың мамыражай күнінде Астана классикалық музыка әуезіне тербелді. Бүгінде бас қалада 10-16 мамыр аралығына жоспарланған  І  классикалық музыка фестивалі аясында "Astana Piano Passion" халықаралық жас пианистер байқауы өтіп жатыр.Ұйымдастырушылары - Астана қаласының әкімдігі мен "Accordi di Astana" қоғамдық қоры.

Айта кету керек, байқаудың іріктеу турына әлемнің 20 мемлекетінен, 60 қаладан 130-ға жуық дарынды өнерпаз қатысқан. Бүгінде ересек  топ, орта топ және кіші топ бойынша үздіктердің үздігі іріктеліп алынып, ақтық сынға жолдама алғандардың есімдері белгілі болды.

Байқау – жас музыканттардың рухани байлығын дамытып, классикалық фортепиано музыкасын насихаттап, өнер жолындағы алғашқы баспалдақтың қалануына жол ашуды мақсат етеді. Жобаның көркемдік жетекшісі және қазылар алқасының төрағасы – Ресейдің халық артисі Денис Мацуев. Сондай-ақ, Жәния Әубәкірова, Төлеген Мұхамеджанов, Павел Нерсесьян (Ресей), Валерий Пясецкий (Ресей), Джон О’Коннор (Ирландия), Мириан Дауэльсберг (Бразилия) сынды классикалық музыканың һас шеберлері  қатысушылардың өнеріне баға береді. Сонымен қатар қазылар алқасы мүшелері жеке концерттерін беріп, шеберлік дәрісін өткізіп, өз тәжірбиелерімен бөлісуде. Байқауда жас пианистерге 1, 2 және 3 орын лауреаты атағы беріліп, 4 және 5 орын иелері дипломант атанады. Ал, бас жүлде Гран-приге -50 000 АҚШ доллары сыйақы тағайындалып отыр. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109