1131

Елордада Павел Нерсесьянның жеке концерті өтті

Классикалық музыка мен жас пианистердің “Astana Piano Passion” байқауы аясында қазылар алқасының мүшелері концерттер беріп, жастармен шеберлік дәрістерін өткізеді.

Классикалық музыка мен жас пианистердің “Astana Piano Passion” байқауы аясында қазылар алқасының мүшелері концерттер беріп, жастармен шеберлік дәрістерін өткізеді. 12 мамырда Астанада Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, П.И.Чайковский мен Бостон университетінің  профессоры Павел Нерсесьянның жеке концерті өтті. 

Бейбітшілік пен келісім сарайында фортепиано музыкасы мен сирек шығармалардың қамқоршылары бас қосты. Көпқырлы палитра үндер мен ырғақтар, испан музыкасының керемет құбылыстары мен үзінділері  кеше қонақтарды таңқалдырды. Әріптестерінің өнерін тамашалауға Ресейдің халық әртісі, байқаудың көркемдік жетекшісі Денис Мацуев та келді. 

Бірінші бөлімінде маэстро испан  фольклоры - Энрик Гранадостың «Романтикалық сахна», Исаак Альбенистің «Иберия» циклінен пьеса орындады. Он бес минуттық антракттен кейін қонақтар Ф. Листің «Дж.Верди мен Р.Вагнердің опералық транскрипциясын» тыңдады.

Маэстроның ойны көрермендерге ұнағаны сонша, зал ұзақ уақыт оны сахнадан  жібергісі келмей, алақан қыздыра қол соқты. Павел Нерсесьян аудиторияның өтінішіне құлақ асып, саханаға қайта шықты.  Кеш өте көңілді өтті. Бүгін осы сахнада Қазақстан фортепиано өнерінің Һас шебері Жәния Әубәкірова Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетеді.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109