952

Елордада әскери-патриоттық әндер фестивалі өтеді

Бүгін Астанада Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 68 жылдығына арналған әскери-патриоттық әндер фестивалі өтеді.

Бүгін Астанада  М. Горький атындағы орыс драма театрында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 68 жылдығына арналған әскери-патриоттық әндер фестивалі өтеді. 

Фестивальдің жұмысына мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен білім беру мекемелерінің өкілдері,  ардагерлер мен студенттер және қала мектептерінің оқушылары қатысады. 

 Ұйымдастырушылар, «Келісім көпірі» қоғамдық қорының өкілдерінің айтуынша, фестиваль бағдарламасына 18  музыкалық нөмір енгізілген. Қазақ, орыс тілдерінде әндер орындалады. Өнерпаздардың ең кішісі – 11 жаста болса, үлкені - 29 жаста. 

«Үміткерлерді құрамына Қазақ Музыкалық академиясы, «Шабыт» қазақ университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің өкілдері енген, 5 адамнан тұратын құрметті қазылар алқасы бағалайды. Қазылар алқасының төрағасы Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков болуы жоспарланған», - деп хабарлайды  astana.kz сайтына қоғамдық қордан.

Фестиваль бүгін Астананың  М.Горький атындағы орыс драма театрында 16.00-де басталады.

Іс-шара бағдарламасына музыкалық фестивальден басқа, жас суретшілердің «Майдандағы ерлік» картинасы көрмесі, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігіне арналған «Батырларға -тағзым» атты кітап көрмесі енген.

Іс-шара Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өтуде.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109