1159

«Әскери керней» байқауы айырықша әсерге бөледі

Астанада әскери оркестр сап түзеді. Тек бұл әскерилердің кезекті ант қабылдау рәсімі не кезекті оқу-жаттығуы емес.

Астанада әскери оркестр сап түзеді. Тек бұл әскерилердің кезекті ант қабылдау рәсімі не кезекті оқу-жаттығуы емес. Бұл - елордада өткен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі Әскер Бас қолбасшысының жүлдесі үшін сайысқан «Әскери керней» байқауының ІІ кезеңінің қорытынды сәті. Ішкі әскердің 9 әскери оркестрі қатысқан дода Астананың 15 жылдық мерейтойына арналды.

Руслан Жақсылықов, генерал-майор, ҚР ІІМ Ішкі Әскерінің Бас қолбасшысы:

Осыдан екі жыл бұрын Астана қаласының әкімдігіне Ішкі әскер қызметкерлерінің өнерін орталық алаңда көрсету жөнінде өтініш білдірген едік. Міне, қалалық әкімдіктің қолдауымен екі жыл қатарынан байқау өткізіліп келеді. Жыл сайын өткізілу деңгейі, қатысушылардың шеберлігі артуда. Өнердің майын ішіп, жілігін шаққан мамандар қатысушыларға лайықты баға берді деп ойлаймын.

Байқауға Ішкі әскердің әскери оркестрінен басқа Республикалық ұланның Президенттік оркестрі мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің біріккен оркестрі қатысты. Осылайша, ел тыныштығын күзетіп жүрген сарбаздар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, түрлі ұлттың биін билеп, танымал кинофильмдерден үзінділер көрсетіп, музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен сап түзеді.

Елена Евстратенко, Алматы қаласы 5571 әскери бөлімінің дирижері:

Біз байқауға бір жыл бойы тынымсыз дайындалдық.  Оның үстіне, қызметіміз тағы бар. Дегенмен, дамылдауға, еркінсуге бой алдыруға болмады. Міне, сол еңбектің арқасында бас жүлдені жеңіп алдық.

Әскери оркестрлер арасында үш күнге созылған байқауда бас жүлдені Алматы қаласы 5571 әскери бөлімінің әскери оркестрі жеңіп алды. Бабалар дәстүрін керней үні, дауылпаз дабылы арқылы жеткізген қатысушылар қала тұрғындары мен қонақтарының патриоттық рухын оятып, ерекше әсерге бөледі. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109