Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірованың Астанада концерті өтеді
Бірінші
Халықаралық классикалық музыка фестивалі мен «AstanaPianoPassion» жас
пианистердің байқауы аясында Астанада Қазақстанның халық әртісі Жәния
Әубәкірованың концерті өтеді. Бұл туралы байқаудың ұйымдастырушылары мәлім
етті.
Фортепиано өнерінің Һас шебері фестивальге сыйлық жасап, елордасына Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының талантты дирижері, халықаралық конкурстардың лауреаты Қанат Омаров жетекшілік ететін Симфониялық оркестрдің өнерін ұсынады.
Концерт бағдарламасына № 9 симфония, ми минор, «Жаңа әлемнен», Антонин Дворжактің 95 шығ, және «№ 1 оркестрмен фортепиано үшін концерт», ре минор, Йоганнес Брамстің op.15. енген.
13 мамырда Бейбітшілік пен келісім сарайында «Жаңа әлемнің симфониясы» Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының Симфониялық оркестрінің орындауында Астана жұртшылығына ұсынылады.
Екінші бөлімде Жәния Әубәкірова музыка тарихындағы ең ұлы шығармалардың бірі – Йоганнес Брамстің «№ 1 оркестрмен фортепиано үшін концертін» орындайды.
Қазақстанның фортепиано өнерінің Һас шебері Жәния Әубәкірованың концерті 13 мамырда Бейбітшілік пен келісім сарайында өтеді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz