1535

Еліміздегі Бірлік мерекесіне грузиндер де атсалысады

1-мамыр - Қазақстан халқының Бірлігі күні. Осы атаулы күнге орай әр өңірде жан-жақты дайындық жүріп жатыр.

1-мамыр - Қазақстан халқының Бірлігі күні. Осы атаулы күнге орай әр өңірде жан-жақты дайындық жүріп жатыр. Мерекені Астанада да кең ауқымда атап өту жоспарланған. Айта кету керек, бүгінде қалада 30-ға жуық этно-мәдени орталық жұмыс істейді. Олар түрік, кәріс, татар-башқұрт, әзербайжан, дүнген, грузин, болгар тағы басқалар. Әр ұлт жергілікті халыққа сіңісіп, татаулық пен достықтың буынын бекітуге өзінше үлес қосуда. Соның ішінде грузиндердің «Колхети» мәдени-қоғамдық орталығының да орны бөлек.

Елгуджа Абхазава, «Колхети» грузин мәдени-қоғамдық орталығының төрағасы:

Біздің мәдени орталық 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Қалалық түрлі іс-шараларға қатысып, грузин мәдениеті мен әдебиетін, салт-дәстүрін дәріптеуде еңбек етіп жатырмыз. Мекемеде әнші, бишілер жетерлік. Мүмкіндігімізше Грузиядан танымал өнер иелерін шақырып, тәжірибе алмасып, өнерлерін тамашалаймыз. Қазақстан біздің Отанымыз, тілі, діні, діліне құрметпен қараймыз. Сондай-ақ, ата-бабамыздың салған ізін жалғастырып, ата салтын қатар ұстануға тырысамыз.

Бүгінде елордада грузиндердің жексенбілік мектебі жұмыс істейді. Онда балалар өз ана тілдерін үйреніп, салт-дәстүріне қанығып, грузин халқының тарихын оқып-үйренеді. Сонымен қатар тау халықтарының өнерге бай екенін айта керу керек. Қазір шығармашылық ұжым мамырда өтетін мерекелерге қызу дайындық үстінде.

Елгуджа Абхазава, «Колхети» грузин мәдени-қоғамдық орталығының төрағасы:

Мерекені атап өтуді алаңға киіз үй тігуден бастаймыз. Ішін ұлттық нақышта безендірумен қатар ұлттық киімдерімізді, ұлттық тағамдарымыз бен салт-дәстүрімізді көрсетуді жоспарлап отырмыз. Грузин халқы ән мен биге де бай халық. Сондықтан реті келсе, өнерімізді де насихаттауға мүмкіндік болады деген ойдамын.

Жүзден астам ұлт тұратын Қазақстан үшін аталған мерекенің орны бөлек. Өйткені ол бірлігіміздің берекесін кіргізіп, ынтымағы жарасқан еліміздің елдігін дәлелдеп, өзге ұлттың салт-дәстүрін терең түсінуге мүмкіндік береді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109