1023

Елордада әскери оркестрлер байқауы өтуде

Бүгін, 26 сәуір күні елорданың орталық мәдени-демалыс алаңдарында республиканың үздік оркестрлерінің орындауында классика, джаз, рок, тіпті поп-музыканың сазды үні әуелейді.

Бүгін, 26 сәуір күні елорданың орталық мәдени-демалыс алаңдарында республиканың үздік оркестрлерінің орындауында  классика, джаз, рок, тіпті поп-музыканың сазды үні әуелейді. Бұл 9 мамыр мерекесіне дайындық емес. Бас қалада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі Әскер Бас қолбасшысының жүлдесі үшін «Әскери керней» ІІ байқау-конкурсы өтуде.  

Түрлі жанрдағы композицияда әскери музыканттар бір мезгілде «Жастар» сарайы алдындағы жазғы алаңда, «Бәйтерек» алаңында, Есіл өзені жағалауында, «Қазақстан» спорт кешені жанындағы су бұрқақтың жанында өнер көрсетеді.  Байқау барысында әрбір музыкан өзінің орындау шеберлігін, музыкалық талантын көрсету керек.

 Ертең, 27 сәуірде, қала әкімдігі алдындағы алаңда 17.00-де іс-шараның финалы - II байқау-конкурсының «Әскери керней» плац-концерті өтеді, - деп хабарлайды  astana.kz сайтына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі Әскерінің баспасөз қызметі. Плац-концертте Ішкі әскер әскери оркестрінен басқа Республикалық гвардияның Президенттік оркестрі мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құрама оркестрі қатысады.  

 Айту керек, «Әскери Керней» байқау-конкурсы Астананың 15 жылдығын мерекелеуге арналған «Астана, саған арналады…»  іс-шаралар циклына кіреді.  

Ұйымдастырушылар аталған іс-шара Астана тұрғындары мен қонақтары үшін есте қалалықтай қызықты болып, классикалық, халықтық және эстрадалық музыкадан сусындатады. Одан әрі парад дефиле, плац-концерт пен әскерилердің қарумен өнер көрсетулерін тамашалайтын болады, - деп сендіреді.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109