777

«Жапон көктемі» фестивалінде қазақстандық орындаушылар өнер көрсетеді

«Жапон көктемі» фестивалі Қазақстанның жас астанасы үшін дәстүрлі өнер мерекесіне айналды.

«Жапон көктемі» фестивалі Қазақстанның жас астанасы үшін дәстүрлі өнер мерекесіне айналды. Жыл сайын Астанаға өзіндік мәдениет өрнектерімен сусындату үшін күншығыс елінен бүкіл әлемге аты мәшһүр, дарынды музыканттар келеді. Алайда, биылғы жылы «Жапон көктемі» фестивалінің ұйымдастырушылары іс-шараның аумағын кеңейтіп, онда тек жапон әртістері ғана емес, қазақстандық жас орындаушылар да сахнаға шығатындай жағдайлар туғызылуда.  

Аstana.kz сайтына Жапон Елшілігінен хабарлағанындай, фестивальдің қорытынды концерті 11 сәуір күні 18.30-да ҚазҰӨУ-дің Орган залында өтеді.  Елорда тұрғындары мен қонақтары алдында жапон елінен келген классикалық өнердің һас шеберлері - Норико Уеда (контрабас) және Джин Джексон (соқпалы аспап) өнер көрсетеді.  

Ал Қазақстан жағынан Фестивальде  Тимур Урманчеев (фортепиано), Сүндет Байғожин (баритон), Жұпар Ғабдуллина (сопрано), Ермек Құрманаев (виолончель), Дамир Бүркітбаев (кларнет), Арман Тілеубергенов (фортепиано) және  Салтанат Әбілханова (орган) сахнаға шығады.

«Қала тұрғындары мен қонақтары концертке тегін кіре алады. Бұл музыканы сүйетін, бірінші кезекте, жаңа бастаған жас музыкантар үшін үлкен тарту болмақ.  Өйткені, фестиваль бағдарламасында концерттен басқа, Астананың музыкалық жоғары оқу орындарының студенттері үшін шеберлік дәрістері енгізілген», - деп мәлім етті Елшіліктен.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109