778

Ғарышкерлер күніне Астанада тақырыптық көрме ашылды

арышты бағындыруы жөнінен Қазақстан басқа елдерге қарағанда өзіндік ерекше орны бар мемлекет.

Ғарышты бағындыруы жөнінен Қазақстан басқа елдерге қарағанда өзіндік ерекше орны бар мемлекет. 2013 жылдың 2 қазанында қазақ халқының тұңғыш ғарышкері, еңбек сіңірген сынақшы-ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіровтың ғарыштық кеңестікке көтерілгеніне тура 23 жыл толады. 

Бүгін елордадағы Назарбаев орталығында отандық ғарыш әлеміндегі қол жеткен табыстар мен жемісті жетістіктерді көрсететін «Қазақстан - ғарыш аралы» көрмесі ашылды. Бұл туралы astana.kz сайтына «Назарбаев орталығы» МК-дан мәлім етті. .

Іс-шараны аша келіп, «Назарбаев орталығы» МК директорының орынбасары  Роман Василенко: « біздің елімізде ғарышты игеру Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы ең басты әлеуетті мүмкіндіктердің бірі деп сеніммен айтуға болады. Әрі оның дамуы үшін шетелдік серіктестермен бірге жасалып жатқан орасан ауқымды жұмыстар әрбір қазақстандықтың ертең үшін кепілдікті игілікті өмір сүруге мүмкіндіктер», - деп атап көрсетті.

Жиналғандарды алда келе жатқан ғарышкерлер күнімен құттықтай отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев 1961 жылдың 12 сәуірін есіне түсірді: «Мен ол кезде 10 жаста едім. Сол күні бізді сапқа тұрғызды да «Юрий Гагарин ғарыш әлеміне тұңғыш рет ұшты», деп жариялады. Барлық балалар: «Мен Юрий Гагарин боламын, Мен Юрий Гагарин боламын», деп айқайлап жатқанда, мен «Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшады!» деп айқайлаппын. Менің арманым 33 жылдан кейін жүзеге асты», - деді.

Көрмеге ғарыш туралы, ғарышкерлер туралы, олардың өмірбаяндары туралы материалдармен бірге тақырыптық белгілер, маркалар мен конверттер, кәдесыйлар қойылыпты. «Назарбаев орталығы» МК қорынан кітаптар ғарышты адамдардың қалай игергені туралы әңгімелейді. 

Көрме адамзатта тұңғыш рет ғарыш көгіне көтерілген Кеңес Одағының ұшқыш-ғарышкері Юрий Гагаринге арналған бөліммен басталады. Оған жалғас бүгінгі ғарыш әлемінің жетістіктері әңгімеленеді. Ал фотостендлер қазақтың тұңғыш ғарышкері, ғарыш әлемінде еліміздің абыройын асқақтатқан  еңбек сіңірген сынақшы-ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіровке, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Ресей Федерациясының Батыры Талғат Мұсабаевқа, сондай-ақ, КСРО ғарышкерлері Валентина Терешковаға, Вячеслав Зудовқа, Светлана Савицкаяға, ғалымдар К.Э. Циолковский мен Королев және басқаларға арналған. 

Сонымен қатар экспозицияда ғарышкерлердің амунициясы, Т. Мұсабаевтың шлемофон, тағы басқа да заттар қойылған. 

 «Қазақстан - ғарыш аралы» көрмесі елордада 14 сәуірге дейін жалғасады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109