554

Астанаға фортепиано өнерінің әлемдік жұлдыздары келеді

Мамыр айында Қазақстан астанасына «Astana Piano Passion» фестивалі аясындаАстанаға фортепиано өнерінің әлемдік жұлдыздары концерт қояды.

Мамыр айында Қазақстан астанасына «Astana Piano Passion» фестивалі аясында  фортепиано өнерінің әлемдік жұлдыздары концерт қояды. 10-нан 16 мамырға дейін барлық жанкүйерлер фортепиано өнерінің Һас шеберлері, әлемдік жұлдыздардың өнерлерін тамашалау мүмкіндігіне ие болады. 

Классика музыкасының Бірінші Халықаралық фестивалі мен “Astana Piano Passion” жас пианистер байқауы «Іс-шаралар бағдарламасы» жарияланды. Астананың ірі концерт залдырында: Павел Нерсесьян, Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі - 12 мамырда, Бейбітшілік және келісім сарайында; Жәния Әубәкірова, Қазақстан Республикасының халық әртісі – 13 мамырда, Бейбітшілік және келісім сарайында; Денис Мацуев, Ресейдің Халық әртісі - 14 мамырда Бейбітшілік және келісім сарайында  өнер көрсетеді.

Жас музыканттарға 15 мамырда Ирландия корольдігі музыка академиясының, Shenandoah консерваториясы мен Showa музыка академиясының профессоры Джон О’Коннор шеберлік-дәрісін өткізеді. Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры Валерий Пясецкийдің шеберлік-дәрісіне жас пианистер 11 мамырда ҚазҰӨУ залдарында қатыса алады. 

Аstana.kz сайтына хабарлағанындай, байқауға қатысушылар мен қазылар алқасы мүшелерінің жұмыс кестесі өте тығыз, экскурсия мен ойын-сауық бағдарламалары да аз емес. Фестиваль мен байқаудың ұйымдастырушылары Астана қаласының әкімдігі мен "Accordi di Astana" қоғамдық қоры. Орталық Азиядағы ірі музыкалық байқау талантты балаларды қолдап, Қазақстанның ұлттық фортепиано мектебі дәстүрін нығайту болып табылады. Сонымен қатар, бұл орындау өнері әдістемелерінде халықаралық дәрежеде тәжірибе алмасып, шығармашылық байланыстарды нығайтуға және елімізде кәсіби музыкалық білім деңгейін көтеруге оң ықпал етеді. 

Жас пианистер байқауының жеңімпаздарын үлкен жүлделер күтіп тұр. Бұған дейін хабарлағанындай, бәсекенің жалпы жүлде қоры – 50 мың АҚШ доллары. Қатысушылардың Қазақстан ұлттық музыкасымен тереңірек танысуы үшін байқаудың Бірініші туры бағдарламасына қазақ композиторларының шығармаларын міндетті түрде орындау енгізілген. Осы шығармаларды үздік орындағандарға арнайы жүлде тағайындалды.  Классика музыкасының Бірінші Халықаралық фестивалі мен “Astana Piano Passion” жас пианистер байқауының толық бағдарламасымен байқаудың  http://astana-app.kz/ru/ ресми сайтында  танысуға болады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109