841

Астанада тұңғыш рет көктемгі «Шаңырақ» арт-салоны ашылды

Елордада жаңа шығып келе жатқан дарынды да талантты жас суретшілер үшін өз шығармашылықтарын кеңінен көрсетуге мүмкіндік беретін шығармашылық алаңы ашылды.

Елордада жаңа шығып келе жатқан дарынды да талантты жас суретшілер үшін өз шығармашылықтарын кеңінен көрсетуге мүмкіндік беретін шығармашылық алаңы ашылды.

Биылғы жылдың 5 сәуірінен 5 мамырына дейін елорданың «Хас Санат» галереясында жас суретшілерді қолдау үшін арнайы ұйымдастырылған тұңғыш рет көктемгі арт-салон өтеді. 

Бірінші көктемгі арт-салонның шығармашылық тапсырмасының атауы - «Шаңырақ» деп аталады. Жас суретшілер өз туындыларында «Шаңырақ» ұғымының қазақ мәдениетіндегі маңызын толық ашып көрсетуі қажет. 

Көрмеге ұсынылған туындылар түрлі пішінде, сан қырлы стильде орындалады. Олар: біздің мәдени кеңестігімізге қатысты дәстүрлі бейнелеу өнері немесе графика, сондай-ақ, бейне-арт инсталляция, тағы басқалар болуы мүмкін. 

Ұйымдастырушылардың  astana.kz  сайтына хабарлағанындай, «Шаңырақ көктемгі арт-салонына қатысу үшін  Қазақстанның барлық аймағынан және Қызғызстан мен Өзбекстаннан  40-тан астам өтінім түсті. Экспозицияда Алматы, Астана. Қарағанды қалалары мен Қырғызстанның 24 шеберінің 23 жұмысы ұсынылды.  Арт-салонға енбеген туындылар көруге тілек білдірушілер үшін  «Хас Санат» галереясы сайтына орналастырылады .

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көктемгі арт-салон - бұл өз кезегінде жаңа жұмыс үлгісін қалыптастырудағы тәжірибе іспетті. Алдағы уақытта оны тұрақты өткізіп тұру жоспарлануда.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109