541

«AstanaPianoPassion» іріктеу турының нәтижесі анықталды

“Astana Piano Passion” Бірінші Халықаралық жас пианистер байқауы іріктеу турының қорытындысы жарияланды.

“Astana Piano Passion” Бірінші Халықаралық жас пианистер байқауы іріктеу турының қорытындысы жарияланды. Байқау төрешілері 10 мамырда Астанаға әлемнің 11 елінен жас дарындар келеді деген пікірге келді. 

 “Astana Piano Passion” Бірінші Халықаралық жас пианистер байқауының алғашқы туры 2013 жылдың 10-11 мамырында Астанада ҚазҰӨУ-дің Үлкен залында өтеді. Одан әрі қатысушылардың өнер көрсетуі жеребе тастау арқылы анықталады. Екінші турға бірінші турға қатысқандардың жартысы өтеді.  

Әрбір жас тобындағы жеңімпаздарға байқаудың қазылар алқасы  Бірінші халықаралық классикалық музыка фестивалі мен “Astana Piano Passion”  жас пианистер байқауы 1, 2 және 3 жүлдесі лауреаттары атағын береді. 4 және 5-ші орын алған байқау қатысушысына дипломант атағы беріледі. Сонымен қатар байқауда бір «Гран-при» атағы бар. Жалпы жүлде қоры 50 000 $ АҚШ доллары.

Еске салайық, “Astana Piano Passion” Бірінші Халықаралық жас пианистер байқауы Орталық Азиядағы ең ірі байқау. Іріктеу турына әлемнің 20  мемлекетінен алпыс қаланың мектеп оқушылары қатысқан  130-ға тарта дарынды бала атсалысты.  

 Байқаудың қазылар алқасының құрамына Бразилиядан, Ирландиядан, Ресей мен Қазақстаннан фортепианно өнерінің әлемге танылған Һас шеберлері енді. Олар: Жәния Әубәкірова (Қазақстан) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор  Төлеген Мұхамеджанов (Қазақстан) "Астана-Опера" Опера және балет театрының Бас директоры,  композитор, ҚР Мемлекеттік және басқа да  сыйлықтардың  лауреаты, Валерий Пясецкий (Рессей) Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры, Павел Нерсесьян (Ресей) Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының және Бостон университетінің профессоры,  Джон О’Коннор (Ирландия) Ирландия Корольдігі музыка академиясының, Shenandoah (Вирджиния, АҚШ) консерваториясының, Showa (Жапония) музыка академиясының профессоры, Денис Мацуев (Ресей) Ресейдің Халық әртісі, "Astana Piano Passion" байқауының көрсемдік жетекшісі және байқаудың құрметті төрағасы.

Астана тұрғындары мен қонақтары 10 мамырда «Қазақстан» ОКЗ-да “Astana Piano Passion” Бірінші Халықаралық жас пианистер байқауының салтанатты ашылуын тамашалай алады. Онда «Жаңа есім» Қорының дарынды балалары мен маэстро Денис Мацуев өнер көрсетеді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109