1016

«Аялаған Астана» байқауы іріктеу кезеңін бастады

Орал қаласында 2 сәуір күні «Аялаған Астана» республикалық балалар байқауының тұсаукесері өтті. Іріктеу кезеңінің алғашқы қаласы сайысқа елуден астам жас әншісін қосты. Сайыстың шартына сәйкес республикамыздың әр облысында іріктеу кезеңдері өтіп, ең үздік әншілер маусым айында өтетін үлкен телевизиялық шоуға қатысатын болады.

Орал қаласында 2 сәуір күні «Аялаған Астана» республикалық балалар байқауының тұсаукесері өтті. Іріктеу кезеңінің алғашқы қаласы сайысқа елуден астам жас әншісін қосты. Сайыстың шартына сәйкес республикамыздың әр облысында іріктеу кезеңдері өтіп, ең үздік әншілер маусым айында өтетін үлкен телевизиялық шоуға қатысатын болады, - деп мәлім етті astana.kz сайтына Астана қаласының Мәдениет басқармасынан.

Аталған байқау 8 пен 14 жас аралығында эстрада жанрында өнер көрсетіп жүрген балалар арасында өткізіледі. Байқаудың ұйымдастырушысы Астана қаласының әкімдігі мен ресейдің атақты «АРС» компаниясы. Бұл компания көрші мемлекетте балаларға арналған "Новая волна" байқауын ұйымдастырып келеді.

«Аялаған Астана!» - бұл елордамыздың 15-жылдығына арналған үлкен ауқымды шара. Оның ақтық мәресі 6-шы шілде күні Астана қаласында өтеді. Байқауға қатысатын жас әншілерді Қазақстан эстрадасының жұлдыздары іріктеуде. Олардың ішінде Мәдина Садуақасова, Алтынай Жорабаева, Алмас Кішкенбаев, Мөлдір Әуелбекова, Жұлдыз, Бүркіт және басқалар бар. Ал негізгі қазылар алқасын біз телевизиялық жобада білетін боламыз. Телевизиялық шоуға жалпы саны 12 сайыскер қатысады. Олар жеке орындаушылар немесе топтар болуы мүмкін. Байқаудың көркемдік жетекшісі  атақты ресей продюсері Лина Арифулинаның айтуынша, дуэт немесе үштікке түрлі облыстардың балалары біріктілуі мүмкін. Өйткені, басты мақсат, әр облысты сайыстырып қою емес, республика бойынша жаңа балалар музыкалық топтарын, жеке әншілерін тауып, олардың өнерін қалың жұртшылыққа паш ету. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109