1052

Бейнебаян: «Өз елім» фестивалі жас таланттардың бағын ашты

Қазақ КСР және КСРО Халық артисі, Қазақстанның Халық қаһарманы – Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» атты III саз фестивалі өз мәресіне жетті. Өнер додасында еліміздің барлық аймақтарынан келген 76 өнерпаз 4 аталым бойынша 2 айналымда бақ сынады.

Қазақ КСР және КСРО Халық артисі, Қазақстанның Халық қаһарманы – Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» атты III саз  фестивалі өз мәресіне жетті. Өнер додасында еліміздің барлық аймақтарынан келген 76 өнерпаз 4 аталым бойынша 2 айналымда бақ сынады. Атап айтсақ, «Классикалық вокал» (ер және әйел дауыстары), домбыра және дирижерлер байқауы.

Ержан Жәмеңкеев, «Домбыра» аталымы бойынша фестиваль қатысушысы:

Нұрғиса Тілендиев атындағы фестивальге алғаш рет қатыстым. Нәтижесі жаман емес, бас жүлдені жеңіп алдым. Бұл Нұр ағаңның аруағының қолдағаны болар деп ойлаймын. Фестиваль екі кезеңнен тұрды. I  кезеңде «Аққу» күйін, II кезеңде «Арман» күйін орындау міндеттелді.

Ғазиза Жүсіпбекова, «Классикалық вокал» аталымы бойынша байқау қатысушысы:

Байқау талабы бойынша жоғары дәрежедегі, кәсіби  әндер орындалу керек. Техникалық жағынан қиын болғандықтан,  ол әндерді кез келген адамның орындауы қиын. Ән таңдау да оңай еместігі сөзсіз. Мен техникалық жағынан күрделі «Ақ шағала», «Кел, еркем Алатауыма» атты әндерді орындап шықтым. Бағым жанып, жеңіске жеттім. Еңбегімнің жемісін тердім деуге болады.

Фестивальда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтау қиынға соқты. Қатысушылардың қай-қайсысы да  кәсіби музыкант деп айтуға лайық. Оның үстіне, өнердің майын ішіп, жілігін шаққан кіл мықтылардан құралған қазылар алқасының қойған талаптары да қатал болды.

Жалғасбек Бегендіков, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

«Дирижер» аталымы бойынша 16 талапкер бақ сынады. Тек оның 8-і ғана II кезеңге жолдама ала алды. Бұл фестивальде  жүлделі орынға қолым жетпеді  деп ренжуге болмайды. Себебі,  фестивальге қатысудың  өзі  бір мәртебі. Жас әнші, күйші, дирижер  бір- бірін көреді, тәжірибе алмасады.

Алтынбек Қоразбаев, ҚР Халық артисі:

Ұлы композитор, домбырашы, дирижер Нұрғиса ағамыздың рухын рухтап үлкен фестиваль өткіздік. Үш күн бойы ол кісінің ұрпағы, бүкіл шәкірттері әндерін айтып, күйлерін орындап, оркестрге  дирижерлық етіп,  өнер көрсетті.  Саз фестивалінің үш кезеңіне де қатыстым. Енді екі жылдан кейін IV фестиваль  өткізіледі. Ол кезең ағаның 90 жылдық мерейтойымен қатар келеді.

Ерлер вокалында бас жүлдені Айдос Жабағин (Алматы), әйелдер вокалы бойынша бас жүлдені Жұпар Ғабдуллина (Алматы) жеңіп алды. "Домбыра" аталымы бойынша бас жүлдені алматылық Ержан Жәмеңкеев қанжығасына байласа, "Дирижер" аталымында бас жүлде астаналық Руслан Баймурзинге бұйырды,  Ал, Астана қаласы әкімінің Кубогы иегерлері болып Айдос Жабағин мен Руслан Баймурзин танылды.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109