974

«Astana Piano Passion» фестивалі ашылуында "Жаңа есімдер" қорының дарынды балалары өнер көрсетеді

“Astana Piano Passion” Бірінші халықаралық классикалық музыка фестивалінің ашылу салтанатында «Жаңа есімдер» қорының дарынды балалары өнер көрсетіп, сондай-ақ, маэстро Денис Мацуев С.В.Рахманиновтың «№2 оркестрмен фортепиано үшін концертін» орындайды.

 “Astana Piano Passion” Бірінші халықаралық классикалық музыка фестивалінің ашылу салтанатында «Жаңа есімдер» қорының дарынды балалары өнер көрсетіп, сондай-ақ, маэстро Денис Мацуев  С.В.Рахманиновтың «№2 оркестрмен фортепиано үшін концертін» орындайды. 

«Жаңа есімдер» қоры - бұл жиырма жылдан бері түрлі елдердің мәдениеті мен орындаушылық мектебін танытатын жас музыканттар мен суретшілерді, ақындарды іздеп тауып, іріктеп, қолдап келе жатқан қайырымдылық ұйымы. 

Қордың шәкіртақы иелері - ММУ жанындағы Чайковский атындағы Орталық музыка мектебінің оқушылары тоғыз жасар Син Ма мен он төрт жасар Данил Харитонов жұртшылыққа К.Вебер мен  Ф.Листтің туындыларын ұсынады. Гнесиндер атындағы МСС музыка мектебінің шәкірті он жасар Елизавета Сеселкина Ф. Крейслердің «Прелюдия және Аллегросын»  орындайды.

Қазақстанның талантты балалары атынан К.Байсейітова атындағы  дарынды балалар Республикалық музыка мектебінің оқушысы, тоғыз жасар Беназир Парпиева өнер көрсетеді. Ол А. Копленданың «Мышық пен тышқан» әзіл скерцосын және Т.Қажығалиевтың «Прелюдиясын» орындайды.

«Қазақстан» ОКЗ-да 10 мамырда өтетін салтанатты ашылуға барлық тілек білдірушілер тегін кіре алады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109