2245

Елордада антикварлық зергерлік бұйымдар көрсетілді

Астаналық Алтын және бағалы металдар Мемлекеттік мұражайында антиквар зергерлік бұйымдары мен «Қазақ халқының көне қолөнер көрмесі» декоративті-қолданбалы өнер заттарының көрмесі ашылды.

Астаналық Алтын және бағалы металдар Мемлекеттік мұражайында антиквар зергерлік бұйымдары мен «Қазақ халқының көне қолөнер көрмесі» декоративті-қолданбалы өнер заттарының көрмесі ашылды.  

«Көрермендер назарына зергерлік бұйымдар мен бас киімдер, ер-тоқым әбзелдері, коллекция жиюшы-этнограф Е. Даубаев жинаған XVIIІ мен ХХ ғасырларда қолданған қазақ халқының көне бұйымдары қойылды», - деп мәлім етті  astana.kz  сайтына көрмені ұйымдастырушылар.

Экспозицияға қойылған барлық зергерлік және декоративтік-қолданбалы өнер заттары қазақ халқының тарих, мәдениетімен, ұлттық әдет-ғұрыптарымен, мыңдаған ғасырлар бұрынғы тұрмыстық болмысымен тығыз байланысты және оның даму көкжиектерін көрсетеді.  

«Зергерлік бұйымдар –  хас шеберлерінің қолынан шыққан дүниелер -  қазақтардың ұлттық болмысын танытып қана қоймайды, кең ауқымда алғанда заманындағы қорғаныстық қасиетін де анықтайды. Мәселен, кейбір металдардың немесе декоративтік бағалы тастардың емдік қасиеттері де ою-өрнектерден көрінген», - дейді мұражай қызметкерлері.

Айталық, түйме өткен ғасырларда адам бойына жағымсыз, жат қылықтарды жолатпау үшін тұмар ретінде қолданылған.

Сондай-ақ, аталған көрмеде қазақ халқының қыздар киетін Сәукелесі түркі әлеміндегі теңдесі жоқ бас киім болып табылады. Ол бойжеткен қыздың ең басты жасауының бірі ретінде де саналған. Анасынан қызына сәттіліктің, ақыл мен парасаттың нышаны түрінде беріліп отырған.  

Біздің заманымызға жеткен қазақ халқының бай мәдени мұрасы Тәуелсіз Қазақстан үшін тек баға жетпес құндылықтар ғана емес, тарихи-мәдени тәрбиелік мәні зор жас ұрпаққа рухани тәрбие беру құралдары болып та саналады. 

«Қазақ халқының көне қолөнер көрмесі» декоративті-қолданбалы көрмесі Алтын және бағалы металдар Мемлекеттік мұражайының Күміс залында 2013 жылдың 5 мамырына дейін өтетін болады 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109