704

Нұрғиса Тілендиев атындағы фестивальдің жеңімпазы 1 млн 200 мың теңге алады

Нұрғиса Тілендиев атындағы фестивальдің жеңімпазы 1 млн 200 мың теңге алады. Бұл туралы Астанада бүгін ашылуына байланысты Нұрғиса Тілендиев атындағы» Өз елім» ІІІ музыкалық фестивалінің ұйымдастырушылары өткізілген баспасөз мәслихатында мәлім етілді.

Нұрғиса Тілендиев атындағы фестивальдің жеңімпазы 1 млн 200 мың теңге алады. Бұл туралы Астанада бүгін ашылуына байланысты Нұрғиса Тілендиев атындағы» Өз елім» ІІІ музыкалық фестивалінің ұйымдастырушылары өткізілген баспасөз мәслихатында мәлім етілді.  

«Әр фестивальдің өз орны бар, біз халықаралық деңгейге шығуға тырысамыз. Соның ішінде жүлде қорында соған сәйкестендіргіміз келеді. Фестивальдің ең дарынды қатысушысы Астана әкімінің Кубогы мен 1 млн 200 мың теңге,  Гран-при иесі - 800 мың теңге алады», - деді Астана Мемлекеттік филармониясының бас директоры және көркемдік жетекшісі Сәкен Әбдірахманов.

Бірінші орынға –  600 000 теңге, екінші орынға - 300 000, ал үшінші орынға - 150 000 теңге тапсырылады.

 «Өз елім» фестивалі Қазақстанның түкпір-түкпірінен 76 маман вокалшыны, домбырашы мен дирижерды жинады. Байқау төрт аталым бойынша, екі турда өтеді. Олар: «Ерлердің классикалық вокалы», «Әйелдердің классикалық вокалы», «Домбыра» және «Дирижерлер байқауы». Байқауға қатысушыларға құрамына КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, ҚР халық әртістері Нұрғали Нүсіпжанов, Алтынбек Қоразбаев, Нұржамал Үсенбаева, тағы басқалар кіретін құзіретті қазылар алқасы төрелік етеді. 

Қазылар алқасының құрамына көңіл бөлген боларсыз. Олар Нұрғиса Тілендиевпен 30-40 жыл жұмыс істеген, оның шығармашылығымен жете таныс тұлғалар. Мысалы, Нұрғали Нүсіпжанов сазгердің барлық әндерін орындаған. Іріктеу қатаң түрде өткізіледі. Гала-концертке өткен байқаулардың лауреаттары қазылар алқасының мүшелерімен бірге бір сахнада өнер көрсетеді. Бұл лауреаттар үшін ерекше сыйлық болмақ. Өйткені мұндай бақыт оларға күн сайын бұйыра бермейді», - дейді С.Әбдірахманов.

Фестиваль құрылтайшылары – Астана әкімдігі, Мәдениет басқармасы, ұйымдастырушылар – Астана әкімдігінің Мемлекеттік филармониясы.

Фестиваль 29 наурызда Қазақ ұлттық өнер университетінің концерт залдарында басталады. Басты оқиға 1 сәуір күні сағат 19.00-де «Қазақстан» концерт залында фестиваль лауреаттарының қатысуымен өтетін Гала-концерт болмақ.

Нұрғиса Тілендиев сазгер, дирижер және шебер орындаушы ретінде қазақ музыка мәдениетінде өшпес із қалдырған тұлға. Ол 500-ден астам музыкалық туындылардың авторы. Нұрғиса Тілендиевтің әндері, күйлері, романстары, увертюралары, поэмалары, кантаталары, опералары және балеттерінің көпқырлылығы тамашалаған жанды таңдай қақтырады. Оның әндерінің, күйлерінің, романстарының, кантаталарының басым бөлігі халық аузында. Сазгер 40 спектакльге және 20-дан астам кинофильмге ән жазды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109