2022

Бейнебаян: Театр – рухани тәрбие құралы

Өмір – театр. Ал, актер адам жанының білгірі, рухани тәрбиеші. Дәл осы тіркес Қазақстанның Халық әртісі Гүлжан Әспетоваға айтылғандай.

Өмір – театр. Ал, актер адам жанының білгірі, рухани тәрбиеші. Дәл осы тіркес Қазақстанның Халық әртісі Гүлжан Әспетоваға айтылғандай. Актриса 20 жастан асқанда театр табалдырығын аттап, содан бері жарты ғасырға жуық өмірін театр сахнасында өткізіп келеді. Еңлік, Қарагөз, Найман ана сынды ірі образдарды сомдап жүрген актриса бүгінде шәкірт тәрбиелеп, көргенін, көңілге түйгенін өскелең ұрпақтың бойына сіңіруде.

Гүлжан Әспетова, ҚР Халық әртісі:

Театрда ешқашан екінші рөлдерді ойнап көрмеппін. Ылғи басты рөлдерді сомдадым. Бұл маңдайыма жазылған бағым шығар. 35 жыл өмірім Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында өтті. Әзірбайжан Мәдиұлының шақыртуымен келіп, 1999 жылдан бері Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ академиялық музыкалық-драма театрында жұмыс істеймін.

Бүкіләлемдік театр күніне орай Бейбітшілік және келісім сарайында бір топ театр қайраткерлері марапатталды. Астана қаласы Мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұлов Астана қаласы әкімінің құттықтау сөзін жеткізіп, театрға еңбегі сіңген өнер саңлақтарына алғыс хаттар табыс етті.

Әсем Чапай, Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының баспасөз хатшысы:

Менің ойымша, қазіргі таңда қалалық театрларға насихат жетіспейді. Дегенмен, театр көрермен деңгейіне түсіп отырған жоқ. Театр – көрерменіне адал қызмет етіп келеді. Театр репертуары, актерлік, режиссерлік құрам өз жаңашылдығын жасап отыр. Бүгінде отандық әдебиет, әлем әдебиеті және Орта Азия елдерінің шығармалары сахналануда.

Сәнді Қаршалова, студент

Театрға жиі барып, Астанадағы театрларда болып жатқан спектакльдерді үзбей қарауға тырысамын. Бүгінде қай театрға барсаңыз да аншлаг. Сондықтан да жастар театрға бармайды деуге болмайды.

Кәсіби мерекенің ресми бөлімінен кейін кеш танымал өнер иелерінің концертімен жалғасын тапты. Айта кетейік, бүгінде Астанада жеті театр жұмыс істейді. Ал, қаладағы алғашқа театр XIX ғасырдың бірінші жартысында пайда болған. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109