1016

Астанада әз-Наурыз кең ауқымда аталып өтілді

Астанада Наурыз мерекесі сәні мен салтанаты жарасып кең ауқымда аталып өтілді. Барлық іс-шаралар қала әкімдігі бекіткен «Армысың, әз Наурыз» байқау ережесі аясында ұйымдастырылды.

Астанада Наурыз мерекесі  сәні мен салтанаты жарасып кең ауқымда аталып өтілді. Барлық іс-шаралар қала әкімдігі бекіткен «Армысың, әз Наурыз» байқау ережесі аясында ұйымдастырылды. Байқауға аумақтық мекемелер, жергілікті мемлекеттік органдар, құрылымдық мекемелер, денсаулық және спорт мекемелері, орта арнаулы және жоғары оқу орындары, көлік, байланыс және басқа да кәсіпорындар, халыққа қызмет көрсету мекемелері (халыққа қызмет көрсету орталықтары, сауда орындары, қонақ үйлер, мейрамханалар, банктер және т.б.) қатысты. Бұл туралы Астана қаласының  Тілдерді дамыту басқармасы мәлім етті.

Байқау шарты бойынша байырғы дәстүрді ұлықтап, оның табиғилығы мен шынайылығына мән берілуі керек. Сонымен қатар, Наурыз мейрамының байырғы мазмұнын ашып, ұлттық киім жарасымдылығы, ұлттық тағамдардың дайындалуы, ұлттық ойындар мен салттардың көрсетілуіне аса мән берілген.

Ал, тіл жанашырлары, мәдениет, қоғам қайраткерлерінен тұратын 45 адамнан құрылған комиссия 132 мекемені аралап, бағасын берді.

Наурыз мейрамындағы іс-шаралар қорытындысы 29 наурызда Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында жарияланады. 7 сала бойынша іріктеліп алынған 21 мекемеге арнайы сыйлықтар табыс етіліп, тағы бірнеше мекеме ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109