1098

Астанада «Өз елім» ІІІ музыкалық фестиваль-байқауы өтеді

Ай соңында Астанада Қазақстанның бүкіл өңірлерінен кәсіби вокалшылар, домбырашылар және дирижерлер жиналады.

Ай соңында Астанада Қазақстанның бүкіл өңірлерінен кәсіби вокалшылар, домбырашылар және дирижерлер жиналады.

29 наурыздан бастап 1 сәуірге дейін елордада Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» ІІІ музыкалық фестиваль-байқауы өтеді. Бұл күндері Астананың ең үздік концерт залдарында 16-35 жас аралығындағы жас музыканттар өнер көрсетеді. Бұл туралы Астана қаласының Мемлекеттік филармониясынан хабарлады.

Байқау төрт аталым бойынша екі турда өтеді: «ерлер классикалық вокалы», «әйелдер классикалық вокалы», «домбыра» және «дирижерлер байқауы». Қазақстанның барлық өңірінен әр аталым бойынша 2 қатысушыдан келеді.

Байқауға қатысушылардың өнеріне Бибігүл Төлегенова, Нұрғали Нүсіпжанов, Нұржамал Үсенбаева, Алтынбек Қоразбаев сынды басқа да өнер саласының майталмандарынан құралған қазылар алқасы төрелік етеді.

Бас жүлде – Астана қаласы әкімінің кубогы және 1 200 000 теңге ақшалай сыйлық. Гран-при иегеріне 800 000 теңге, бірінші орын жеңімпазына 600 000 теңге, екінші орынға 300 000 теңге, үшінші орынға 150 000 теңге ақшалай сыйлық тағайындалған.

Фестиваль 29 наурызда Қазақ ұлттық өнер университетінің концерт залдарында басталады. Басты оқиға 1 сәуірде «Қазақстан» орталық концерт залында фестиваль лауреаттарының қатысуымен өтетін гала-концерт болмақ.

Фестиваль құрылтайшылары: Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Мәдениет басқармасы. Ұйымдастырушы – Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік филармониясы.

Нұрғиса Тілендиев қазақ ән өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Әртүрлі жанрдағы 500-ден астам музыкалық шығарма жазды. Оның өлеңдерінің, күйлерінің, романстарының, кантаталарының басым бөлігі сахналарда шырқалып жүр. Ол 40 спектальге және 20-дан астам кинофильмге ән жазды, олардың бәрі де қазақ сахнасының классикасына айналды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109