1187

Тұңғыш Президент мұражайында шеберлік пен шабыт көрмесі

2013 жылы 27 наурызда сағат 17.00-де ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында әйгілі зергер, «Жігер» сыйлығының лауреаты Естай Даубаевтың «Шеберлік пен шабыт» атты жеке көрмесінің ашылуы болады.

2013 жылы 27 наурызда сағат 17.00-де ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында әйгілі зергер, «Жігер» сыйлығының лауреаты Естай Даубаевтың «Шеберлік пен шабыт» атты жеке көрмесінің ашылуы болады.

Қазақтың зергерлік өнері, Орталық Азия халықтарының салт-дәстүрлерімен біте қайнасып жатыр әрі өзіндік ерекшелікке ие. Оның өзгешелігі мүсінінің мәнері, пішінінің нақтылығы, орын мен симметрияның дұрыс таңдалуы, бейнелемесінің бірегейлігі, металдың асыл қасиеті, тастардың әдемілігі мен құдіреті. Күміс асыл тас қана емес, сонымен бірге игілікті материалға жатады. Шеберлер әртүрлі техниканы үйлестіре біледі, металды, теріні, тастарды өңдеудің дәстүрлі тәсілдерін пайдаланады.

Мұны әсіресе, Естай Даубаевтың туындыларынан көруге болады. Ол үздік зергерлік бұйымдарды жасап қана қоймай, халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастырады және рәсімдейді. Естай Даубаев Астанадағы Президенттің мәдениет орталығы, Оралдағы Алтын Орда мұражайында және Петропавлдағы «Абылай хан ордасы» мұражайларында сәндік-қолданбалы өнер экспозицияларын рәсімдеуге қатысқан. Ол өз шығармашылығында зергерлік бұйымдарға баса мән береді. Дегенмен, «Жеңілген жауынгер» мүсіні «Жігер» халықаралық байқауында бірінші орын алды.

Бір айта кетер жайт, шебердің бірқатар мүсіндері ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайындағы үздік туындылар қатарына кіреді. Зергердің алғашқы жеке көрмесі Мұражаймен серіктестік жоба аясында ұйымдастырылды.

Экспозициялар арасында шебердің ең үздік «алтын және күміс туындылары» қойылған: қару-жарақ, билік рәміздері, әйелдердің зергерлік әшекейлері, ат әбзелдері және т.б.

Автордың айтуынша, шығармалар ұзақ та қажырлы ізденістердің арқасында туады. Көп саяхаттауға, тарихи және мұражай материалдарын, археологиялық бұйымдарды, қолөнер-шеберлерінің бұйымдарын зерттеуге тура келеді. Мәселен, өзінің асқан әсемдігімен әрі кереметтілігімен таң қалдыратын сәукеле де осындай ізденістің арқасында туды және көрме экспозициясында үздік орынды иеленді. Қазақстандық суретші-зергер, мүсінші Естай Даубаевтың бірегей туындылары қоршаған ортамен толық үндеседі, көрермендерді диалогқа шақырады.

«Шеберлік пен шабыт» көрмесі 2013 жылдың 21 сәуіріне дейін жалғасады.

Естай Даубаев 1964 жылы 24 маусымда Алматы облысы Ақсу ауданы Қосағаш ауылында туған. Н.Гоголь атындағы Алматы көркемдік училищесін.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109