1194

«Astana Piano Passion» байқауына әлемнің 20 елінен 130 адам өтінім берді

Жас пианистердің Бірінші халықаралық «Astana Piano Passion» байқауы Орталық Азиядағы өз атағын ақтап шықты.

Жас пианистердің Бірінші халықаралық «Astana Piano Passion» байқауы Орталық Азиядағы өз атағын ақтап шықты. Іріктеу турына үш құрлықтың 20 елінен 130 бала қатысып, өздері орындаған шығармаларының бейнежазбасын қазылар алқасының талқысына ұсынды. 

Бүгінгі күні Қазақстан, Ресей, Сингапур, және басқа мемлекеттерден қатысушылардың өтінімдері орналастырылды.  

Жас пианистердің Бірінші халықаралық «Astana Piano Passion» байқауының ресми сайты форумға қатысушылар мен әлеуметтік желілердегі музыканы құрметтеушілердің ең көп кіретін музыкалық байқау порталдарының біріне айналды. 

Жас пианистердің Бірінші халықаралық «Astana Piano Passion» байқауы Бағдарламасына енген шығармалар тізімі балалардың туындыларды еркін таңдауына кеңінен жол ашты. Аталған шығармалар Бағдарламасын әзірлеудің арқасында балаларда бірден 13 шығарманы таңдау мүмкіндігі пайда болды. 

Қатысушылар Қазақстанның ұлттық музыкасымен тереңірек танысуы үшін Ғ.Жұбанова, А.Нұрәлиева, Ө.Несіпханов, Ғ.Секеев, Т.Әбдірашев, Б.Хасанғали, тағы басқа да  қазақстандық композиторлар шығармаларының ноталары тізбесі берілді.  

Еске салайық, Астанада 10 мен 16 мамыр аралығында Жас пианистердің Бірінші халықаралық «Astana Piano Passion» байқауы өтеді.

Бір апта бойы Астана қаласының ең таңдаулы залдары әлемнің түкпір-түкпірінен келген дарынды балаларға музыкалық шығармаларын орындау үшін ұсынылатын болады. Халықаралық қазылар алқасының мүшесі – әлем таныған кәсіби музыканттар жас пианистер үшін шебірлік-дәрістерін өткізетін болады.  

Астанадағы классикалық музыка апталығының ең айтарлықтай іс-шарасы Ресейдің халық әртісі Денис Мацуев пен Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Павел Нерсесьянның тыңдармандар мен жас музыканттарды қуанту үшін әзірлеген бірегей концертінің бағдарламасы болады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109