1343

Елордадағы «Қазақ елі» алаңында Наурыз Мейрамы тойланды

Астана Наурыз мейрамын жылдағыдан айырықша тойлауда.

Астана Наурыз мейрамын жылдағыдан айырықша тойлауда. Бүгін қалада ондаған іс-шара өтуде. Ол – халық серуені, концерттер мен көрмелер, спектакельдер мен спорттық жарыстары. 

Мереке қызып жатқан басты орын –  «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынылған  «Ұлыстың ұлы күні» атты театрландырылған көріністер.

Алаң мерекеге сай көздің жауын алардай әсем безендіріліпті.Ұйымдастырушылардың қиялы бай. Мерекеге келген Наурыз мейрамының қонақтары жылан бастаған 12 жыл жануары күзеткен доға түрінде бейнеленген «Күн шапағы қақпасы» арқылы көшпенділердің ғарыштық әлеміне тап болады. Алаңның орталық сахнасы сақ тайпасының алтын дәуірі үзінділерімен безендірілген декорациялар арқылы көрермендерге 500-ге тарта адам қатысатын табиғаттың түлеген кезіндегі қыс пен көктемнің алмасуын бейнелейтін хореографиялық қойылымдарды ұсынады. 

Мереке қонақтары үшін қазақ халқының бағзы замандарда Наурыз мейрамын қарсы алуына байланысты дәстүрлерін көрсететін «Наурыз шеру» театрландырылған-этнографиялық этюді әзірленді. 

Театрландырылған қойылымның ең жауапты сәті аспанға 5 000 ақ шар ұшыру болып табылады. 

Бүгін алаңда 42 киіз үй тігілген шағын қалашықта екі сахна қойылған. Оның бірі қазақтың ұлттық дәстүрлі спорт түрлерін өткізуге арналыпты. 

Аймақтар өздері тіккен киіз үйлерін ою-өрнектермен зерлеп, жасандырған. Ішінен күмбірлеген қазақтың қара домбырасының үні мен қонақжайлық ахуал құшақ жаюда.  

Сондай-ақ, мерекелік іс-шараға Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының, сондай-ақ, Алматы қаласының өнім өңдеуші кәсіпорындары қатысуда.   Облыстардан келген өкілдер өз өнімдерінен дәм татқызып, бауырсақ, наурыз көжелерін ұсынуда. 

Бүгін мұнда 100-ден астам өнім өңдеуші кәсіпорынның өнімдері ұсынылып, арзан бағамен 150 тоннадан  астам өнім сатылды. Атап айтқанда, 3 тоннадан астам жеңсік ет, 22 тонна шұжық, 20 тонна – сүт,  15 тонна күнбағыс майы,  1,5 тонна жұмыртқа,  0,5 тонна саңырауқұлақ өнімі, 15 тонна нан мен кондитер өнімі, 3 тонна қымыз, 1 тонна шұбат, 2 тонна бал, 3 тонна конфет, тағы басқа да өнімдер сатылды. Сонымен қатар, қоғамдық тамақтандырудың 15 кәсіпорны, соның ішінде мейрамхана мен дәмханалар өз шатырларын тіккен.  

Қолөнер шеберлерінің көрмесі де мерекенің сәнін келтіруде. Аймақтардан келген он саусағынан өнері тамған жандар елордада өздерінің бірегей бұйымдарын көрсетуде. Олар – Солтүстік Қазақстан, Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Павлодар облысының декоративті-қолданбалы өнер шеберлері. Мұнда ағаштан жасалған бұйымдарды, зергерлік заттарды, керамика заттарды, музыкалық аспаптарды, картиналар мен ұлттық киімдерді, текемет пен сырмақты, тағы басқаларды көруге болады. 

Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін аймақтардан келген шығармашылық ұжымдар өнерпаздары мен Қарақат Әбілдина, Рамазан Стамғазиев, «Қоңыр» тобы және басқа эстрада жұлдыздары қатысатын концерттік бағдарлама әзірленген.  

Концерттік бағдарламаның ерекшелігі – Түркияның танымал орындаушысы Фериель Башель мен Башқұртстанның Файз Гаскаров атындағы мемлекеттік академиялық би театрының өнер көрсетуінде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109