1238

Астаналықтар жарық шашу шоуын тамашалады

Биылғы Наурыз мейрамы мерекелі де берекелі болмақ.

Биылғы Наурыз мейрамы мерекелі де берекелі болмақ. Өйткені Астана қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына арнап көптеген тосынсыйлар әзірлеп отыр. Оның алғашқысы – «Бәйтерек» монументі мен Ғашықтар саябағында өткен жарық шашу шоуы болды.

Курт Вермюлен, суретші:

Дәл қазіргі маусым жарық шашу шоуын өткізуге лайықты кезең. Ауа райы да кештің әсерлі болуына өз ықпалын тигізеді. Әлем халқы тамашалаған көркем туындыға бұл жолы астаналықтар тәнті бола алады.

Анимациялық және динамикалық мүсінді жасап шығарған суретші Курт Вермюлен және сценографшы Маркос Виналс Бассолс. Мұндай ғажап туындыны жасап шығару үшін екі апта уақыт пен прожектор, диодтар бекітілген 98 бағана қажет болған.

Курт Вермюлен, суретші:

98 деген санның өзін тегін алған жоқпыз. Бұл Астананың Ақмолаға көшірілген уақыты. Мен бұл қаланы бір көргеннен-ақ ұнаттым. Жаңа бой көтеріп, экономикасын тіктеген Астана шабытымды оятпай қоймады. Содан осындай көркем туындылар көрініс тапты.

Ал Ғашықтар саябағынан дүниенің төрт негізін табасыз. Мүсіншілер монументалды ағаш жұмыртқа жасап шығарып, оған ерекше рең берген.

Маркос Виналс Бассолс, сценографшы:

Жұмыртқа – жаңа өмірдің бастауы. Ал, оның ішіне кірген адам тілек тілеп, өзге әлемде жүргендей күй кеше алады. Сондай-ақ, ол бірлік пен татулықтың белгісі іспетті.

Шоуды тамашалауға келген халық санында есеп жоқ. Тіпті, Сарыарқаның самалы мен ызғары да көрерменді кідірте алмады.

Айта кету керек, әлемдік дизайнерлер ұсынған теңдессіз жарық шашу шоуы 20 наурызда басталып, 1 сәуірге дейін жалғасады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109