1268

Астаналықтар аймақ өнерпаздарының өнерлерін тамашалайды

Астана вокзалында ине шаншар жер жоқ.

Астана вокзалында ине шаншар жер жоқ. Наурыз мерекесін бас шаһарда атап өтуге асыққан халықтан аяқ алып жүргісіз. Соның ішінде елордаға бірнеше аймақтан ат артып келген өнер ұжымдары да бар. Алғашқылардың бірі болып Павлодар облысының өнерпаздары келіп жетті.

Сәния Қани, Павлодар қаласы, «Томирис» ансамблінің мүшесі:

Қазақстан астанасында Наурыз мерекесін атап өтетінімізге өте  қуаныштымыз. Мерекеге орай 4 би дайындадық. Оның барлығы да Наурыз мерекесіне арналған билер. Ал, жалпы репертуарымызда әр түрлі ұлт өкілдерінің билері бар.

Тотыдай таранып, сұңқардай сыланған қыз-жігіттер қазір қызу дайындық үстінде. Өйткені жалпы ұлт болып атап өтетін елеулі мерекеден ешкімнің де сырт қалғысы келмейтіні анық. Мәселен, Павлодар облысы этно-мәдени бірлестігінің «Мирас» татар-башқұрт вокалды ансамблі 11 жылдан бері өнер шыңының биік белестерін бағындырып, астанаға ең таңдаулы өнер туындыларын алып келген.

Майя Иванова, «Мирас» татар-башқұрт ансамблінің мүшесі:

Біз бұл мерекеге бір ай бойы дайындалдық. Күн сайын жиналып, айтатын әнімізді қайта-қайта пысықтадық.

Валерия Полыгалова, «Мирас» татар-башқұрт ансамблінің мүшесі:

Павлодардан бүгін ғана келдік. Соған қарамастан, демалмай бар уақытты дайындықпен өткізіп жатырмыз. Өйткені Астанада өтетін концертке өз үлесімізді қосуды мақсат етеміз.

Аймақтардың Наурызға шашуы бұл ғана емес. Мереке күндері қала қонақтары мен тұрғындары барлық аймақ өнерпаздарының өнеріне өздері куә бола алады. Айта кетейік, мерекеге орай ұйымдастырылатын басты думан – «Қазақ елі» алаңында өтеді. Оған қоса, қаладағы әр мекеме, ірі сауда ойын-сауық орталықтары да мерекені атап өтуге өз үлестерін қоспақ.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109