1408

Жарық шашу шоуы 1 сәуірге дейін жалғасады

Астанада әйгілі дизайнерлердің алғаш рет өткізгелі отырған бірегей жарық шашу шоуы 20 наурызда басталып, 1 сәуірге дейін жалғасады.

Астанада әйгілі дизайнерлердің алғаш рет өткізгелі отырған бірегей жарық шашу шоуы 20 наурызда басталып, 1 сәуірге дейін жалғасады. Астаналықтар шоуды осы күндер аралығында кешкі сағат 21.00-де «Бәйтерек» монументі алаңында және Ғашықтар саябағында тамашалай алады, дейді шараны ұйымдастырушылар.

Жарық шашу шоуы екі жерде де бір уақытта басталады және тиісті музыкалық әуенмен сүйемелденеді. «Бәйтерек» монументі жанындағы бір кезеңнің ұзақтығы 8,5 минут, ал жалпы ұзақтығы 2 сағатқа созылады.

Ғашықтар саябағына жиналғандар мүсінші Мостафа Хади және Пол Марчандисе әзірлеген алып ағаш жұмыртқаны тамашалай алады. Суретші Курт Вермюлен және сценографшы Маркос Виналс Бассолс кереметтей анимациялық және динамикалық мүсінді жасап шығарды.

Ұйымдастырушылар Астанада өтетін жарық шашу шоуы қызықты болады деп уәде етіп отыр. Шоуда жарық шашатын құралдар көптеп орнатылады деп жоспарланған. Қуаты жоғары прожекторлар мен диодтар мерекелік шаралар кезінде жарық беріп, сахнаның түсін өзгертіп тұрады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шоудың басты ерекшелігі жарық беретін жаңа технологиялар пайдаланылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109