1010

Мемлекет басшысы православие христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады

Қазақстан Президенті діндарларды Пасха мерекесімен құттықтап, православие әлемі үшін оның, ең алдымен, өркендеу мен жаңаруды білдіретін басты мейрамның бірі болып саналатынын атап өтті.

Қазақстан Президенті діндарларды Пасха мерекесімен құттықтап, православие әлемі үшін оның, ең алдымен, өркендеу мен жаңаруды білдіретін басты мейрамның бірі болып саналатынын атап өтті.

«Бұл мейрамдар адамгершілік, тәрбие, қайырымдылық мәдениетін дамыту, гуманизм мұраттарын орнықтыру, әлеуметтік тұрақтылықты бекемдеу арқылы жаңа мазмұнға ие болуда.

Діни төзімділік, тату көршілік, жақын-жуық қамқорлығы қазіргі заманғы Қазақстан қоғамының ізгі бағыттарынан берік орын алып отыр. Православие діни қауымы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өзінің қомақты үлесін қосып келеді.

Шаңырақтарыңыздан шаттық арылмасын, сүйіспеншілік пен бақ-береке тілеймін», - деді Елбасы

-  Пасха мерекесі барған сайын жаңарып, дамып және өркендеп келе жатқан біздің мемлекетіміздің нышаны да іспеттес. Қазақстанда түрлі этностар мен діни сенімдегі азаматтар тату-тәтті өмір сүруде. Сенім мен береке-бірліктің арқасында біз өзіміздің және балаларымыздың бақуатты өмірін қамтамасыз етіп, елімізді байыпты түрде дамыта аламыз. Қазақстан халқы Ассамблеясының жақында өткен сессиясы ұлтаралық және конфессияаралық саясаттың еліміздегі барлық этнос пен діндер қарым-қатынасындағы табыстарын тағы да көрсетіп берді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Мемлекет басшысы діннің, ең алдымен, жақыныңа, өз Отаныңа деген сүйіспеншілік екенін және бұл біздің қоғам үшін топтастырушы факторға айналып келе жатқанын атап өтті.

- Ислам мен православие біздің рухани тірегіміз болып саналады. Адамдардың руханилығы және өзара түсіністігі арқылы біз алға қарай ілгерілей беретін боламыз. Мен православие қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуде мемлекеттің сенімді серіктесі деп зор сеніммен айта аламын, - деді Қазақстан Президенті.  

Мемлекет басшысы Пасханың тек православие сеніміндегі діндарлардың ғана емес, барша қазақстандықтардың да мерекесі екеніне тоқталды.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр өз сөзінде Мемлекет басшысына кафедралды шіркеуге келгені үшін алғысын айтып, еліміздегі православие христиандарына ұдайы көңіл бөлетіні үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, ол бүгінде Қазақстан бейбітшілік, келісім, этносаралық бірлік және конфессияаралық игі үнқатысудың үлгісі болып табылатынын атап өтті.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109