764

«Астана-Таңдауы» байқауына өтінім қабылдау 10 маусымға дейін ұзартылды

«Астана-Таңдауы» байқауының ұйымдастырушылары өтінім қабылдауды 10 маусымға дейін ұзартуға шешім қабылдады. Оған себеп өтінім беруге үлгермей жатқан қала тұрғындарының өтініші болып отыр.

«Астана-Таңдауы» байқауының ұйымдастырушылары өтінім қабылдауды 10 маусымға дейін ұзартуға шешім қабылдады. Оған себеп өтінім беруге үлгермей жатқан қала тұрғындарының өтініші болып отыр. Белгілі болғанындай, қаладағы көптеген еңбек ұжымдары өз кәсіпорындарындағы қызметкерлерді байқауға ұсынуға өте жауапкершілікпен қарап, өздерінде корпоративтік байқаулар өткізіп, жасырын дауыс беруді ұйымдастыруда. Онда жеңімпаз атанғандар қалалық байқауға кәсіпорын атынан ұсынылады. Алайда, жақында өткен мереке күндеріне байланысты көптеген компаниялар үздіктерін таңдап үлгіре алмай, ұйымдастыру комитетіне байқаудың өтінім қабылдау мерзімін ұзарту жөнінде өтініш жасады. 

Бүгінгі күні «Астана-Таңдауы» байқауына Астананың 100-ге тарта тұрғыны өз таңдауларын ұсынып үлгерді. Өтінімдер тек асталықтардан ғана түсіп жатқан жоқ, елордалық мамандардың кәсібилігіне қаныққан басқа қалалардың да  тұрғындарынан келуде. Аталымдардың көбі «Ұстаз»,  «Дәрігер» және «Энергетик» санатына түсуде. Ұсынылғандардың ең жасы  28-де болса, ең үлкені – 65 жаста. 

Еске салайық, «Астана Таңдауы» Жалпықалалық байқауының міндеті ең үздік – «Педагог», «Қоғамдық көлік жүргізушісі», «Учаскелік инспектор», «Дәрігер», «Энергетик», «Жолшы» және «Құрылысшы»  мамандық иелерін іздеп тауып, жариялау. Аталған байқау олардың еңбектерін замандастарына кеңінен танытып қана қоймайды, кейінгі өскелең ұрпаққа осы мамандықтың қыры мен сырын көрсетіп, айтулы кәсіптің мәртебесін арттыруға мүмкіндік туғызады. 

«Астана Таңдауы» байқауының қаһарманын олардың жанқиярлық еңбегі мен кәсіби шеберлігіне көз жеткізген кез келген астаналық таңдай алады. Сауалнама-өтінім қабылдау  2013 жылдың 10 маусымына дейін жалғасады. Үзіктерді елорда тұрғындары Астана қаласының әкімдігі сайтында 10-нан 30 маусымға дейін дауыс беру арқылы таңдайды. 

«Астана-Таңдауы» байқауының әрбір жеңімпазы «халық ықыласынан» басқа Астана қаласы әкімінің қолынан дәстүрлі кубок пен грамота алады. Ең үздік мамандық иелерінің еңбек жолы, өмірі деректі фильмдерге түсіріліп, еңбек майталмандарын өскелең ұрпақ біліп, үлгі алуы үшін «қаһармандардың» фотосы Астана көшелеріндегі билбордтарға ілінеді. Алайда, биылғы жылы бұрынғы дәстүрлі берілетін жүлделерге енді,  курортқа барып демалу, Астана күніне орайластырылған басқа да материалдық сый-сияпаттар қосылған. Ұйымдастырушылар «Астана-Таңдауы» 2013 қатысушыларына айырықша назар аударуда. Өйткені осы байқаудан бастап елорданың 15 жылдығын мерекелеуге дайындық басталған-ды. «Астана-Таңдауы» мерейтойға арналған іс-шаралардың ішінде айырықша аталып, әрбір аталым жеңімпаздары жеке-жеке құрметтелуімен аяқталады.

Байқауды ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын үздік кәсіби тұлғалар туралы, мына мекен-жайға: 010000, Астана қ, Бейбітшілік к-сі, 25 үй, 401 кабинет; немесе astana-tandauy-2013@mail.ru электронды поштасына немесе astanaday@gmail.com жолдауын сұрайды.  Барлық мәселелер бойынша  8 (7172) 910-842, 910-845 (факс) телефондарына хабарласуға болады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109