875

Астана күні «Шаттық» фестиваліне 8 елден қатысушы келеді

Астана – күннен күнге сәулеті асып, өркендеп келе жатқан қала. Ол мыңдаған жанның армандарын ақиқатқа айналдырып, қиял әлеміне самағататын қала.

Астана – күннен күнге сәулеті асып, өркендеп келе жатқан қала. Ол мыңдаған жанның армандарын ақиқатқа айналдырып, қиял әлеміне самғататын қала. Жыл сайын елордада өтетін ондаған фестивальдер мен байқаулар жаңа таланттардың есімдерін атап, олардың болашаққа деген үміттерін үкілейді. Солардың бірі – жас дарындардың «Шаттық» фестивалі болып табылады. 

«Міне, төртінші жыл қатарынан Астана күнінде Қазақстанның бас қаласы еліміз бен  жақын шетелдің талантты жастарының бас қосатын орталығы болуда. Биылғы жылы да байқаудың географиясы анағұрлым кеңіп отыр», - деп атап көрсетті ұйымдастырушылар. 

«Еліміздің түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Литва, Қытай, Түркия мен Болгариядан  жас әншілер мен бишілер, халық театрының орындаушылары келеді, - деп мәлімдейді ұйымдастыру комитетінен. 

Фестивальге 5-тен 18 жасқа дейінгі балалар қатысады. Бағдарламада: «Вокал», «Хореография», «Фольклор», «Аспаптық жанр», «Сұлулық театры» және «Ерекше жанр» сияқты бірнеше жанрлар қарастырылған.

Фестивальдің шарты бойынша әрбір ұжымға өзінің өнерін көрсету үшін 30 минут беріледі. Жеке орындаушыларға уақыт 12 минутқа дейін шектелген.

«Жас таланттардың өнерлерін құрметті де кәсіби қазылар алқасы бағалайды. Олардың қатарында – Кеңес Одағының Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, академик, қазылар алқасының төрайымы - Бибігүл Төлегенова, Қазақстанның Халық әртісі, мемлекеттік, академиялық би театрының директоры Болат Аюханов, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор Кеңес Дүйсекеев, Қазақстанның Халық әртісі Қайрат Байбосынов, Эстетика докторы, профессор Николай Текелиев бар»,- деп атап көрсетеді ұйымдастырушылар.

 «Шаттық» фестивалі аясындағы іс-шаралар 5-6 шілдеде еліміздің бас алаңы – «Қазақ елі» монументі алдында және  «Бәйтерек» монументі алаңында өтеді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109