701

Қала күніне «Бірінші болу - батылдық!» Астана қайырымдылық марафоны өтеді

Әлемнің қазіргі заманғы астаналарының өзінің «фирмалық» марафондары бар. Марафондар қаланы спорт орталықтарына айналдырып, оны кеңінен танымал жасайды.

Әлемнің қазіргі заманғы астаналарының өзінің «фирмалық»  марафондары бар. Марафондар қаланы спорт орталықтарына айналдырып, оны кеңінен танымал жасайды. Қала күні қарсаңында Астана қаласының әкімдігі Қазақстан Респубикасындағы ең маңызды және мәні зор іс-шараның бірі - «Бірінші болу - батылдық!» Астана қайырымдылық марафонын өткізуді жоспарлап отыр. 

«Астана қайырымдылық марафоны шаһарымыздың жүгірудегі даңқын асырып, оны әлемдегі бүгінгі күні жаппай жүгіруден айтарлықтай бедел жинаған  Берлин, Лондон, Бостон немесе Мәскеу марафондарымен теңестіруге мүмкіндік береді»,- деп атап көрсетеді қала күніне дайындық іс-шараларын ұйымдастырушылар. 

Марафон өткізудегі мақсат – аймақтағы мүгедек жандарға қолдау көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. 

«Марафонға қатысу үшін әлемнің барлық марафоншылары мен біздің олимпиадашылар шақырылады. Сондай-ақ, оған 5000 қала тұрғыны мен қонағы қатысады деп жоспарлануда. Әрбір жүгіруге қатысушы кепка, футболка мен марафонның логотипін алады. Қайырымдылық марафонының ұзақтығы 42 шақырым 195 метрді құрайды. Аталған марафон аясында Қазақстан эстрадасының танымал әртістерінің қатысуымен қызықты концерттік бағдарлама өтеді»,- деп сендіреді ұйымдастырушылар.

Қайырымдылық марафонына қатысу үшін 1000 теңге көлемінде жарна төлеуі  (жарна көлемі шектеусіз болуы мүмкін) қажет. Компаниялар мен  бірлестіктерге  ұжымдық жарна қарастырылған. «Жиналған қаражат еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға жіберіледі» - деп атап өтті марафонды ұйымдастырушылар.

Марафон 1 шілдеде өтеді. «Астана Бәйтерек» - Астананың әлемге әйгілі рәмізі. Марафонға қатысушылардың сайысы, міне, осы жерден басталмақ. Әрі қарай желаяқтар Достық, Орынбор, Тұрар Рысқұлов көшелері, Қабанбай батыр даңғылы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, Тұран даңғылы, Әуежай тас жолы, Айналыма жол, «Тельман», «Заречный» тұрғын үй алабы, Керей және Жәнібек хандар көшелері бойынан жүгіріп өтеді. Ақтық мәре- «Мәңгілік ел» монументі алаңы.

  Дегенмен, 42 шақырым 195 метр қашықтық тек қана марафонға қатысушыларға арналған. Қалғандары марафонмен бір уақытта өткізілетін 2400 метр қашықтыққа жүгіруден бақтарын сынайтын болады. Әкімшілік тарапынан Астаналық қайырымдылық марафонының жеңімпазына Лондонда өтетін «VirginLondonMarathon» марафонына жолдама беріледі.

  Астаналық қайырымдылық марафоны жыл сайын өткізілетін дәстүрлі спорттық іс-шараға айналмақ.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109