1021

Астанада VI АЭФ пен Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференцияның пленарлық отырысы өтті

Тәуелсіздік сарайында VI Астана экономикалық форумының салтанатты ашылуы мен пленарлық отырысы және Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференция өтті.

Бүгін Астанада Тәуелсіздік сарайында VI Астана экономикалық форумының салтанатты ашылуы мен пленарлық отырысы және Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференция өтті. Форум Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтуде. 

Барлық отырысқа қатысушыларды құттықтағаннан кейін Елбасы Астана экономикалық форумы айырықша сұхбат алаңына айналғандығын атап көрсетті. 

«Форум өткізілу үлгісімен де, мазмұны жағынан да ерекше сұхбат алаңына айналды. Оның дағдарыспен күрес жөніндегі басты жоспар жасау ұмтылысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 67-ші сессиясында қолдау тапты. VI Астана экономикалық форумымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында алғаш рет Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференция өткізілуде», - деді Н.Назарбаев.

Бүгін елордада Әлемдік дағдарысқа қарсы  конференция барысында дүниежүзілік қаржы жүйесінің ең өзекті мәселелері көтеріліп, ғаламдық экономиканың дамуы жөніндегі ұсыныстар талқыланбақ.

  Ағымдағы экономикалық форум тақырыбына негізгі бес бағыт енгізілген. Алғашқы бағыт жаһандық экономикалық өсімнің мағыздылығы. 2013 жылғы шикізат бағасы. Екінші блок инфрақұрылым және инновациялық технологияларға арналып отыр. Үшінші блок халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілік жайында. Төртінші блок экономикалық өсімнің әлеуметтік аспектілері жөнінде болса, соңғы бесінші бағытта қаржылық жүйеге қатысты сұрақтар талқыланып, жаһандық қауіп және оларды алдын алу жөнінде келелі мәселелер ортаға салынбақ.

  Форумға 90 мемлекеттен он мыңға жуық өкіл қатысуда. Олардың арасында Мемлекет және Үкімет басшылары, саясат және қоғам қайраткерлері, халықаралық бірлестіктер мен бизнес-корпорациялар басшылары бар. Сонымен қатар осы жылы форумға оннан астам Нобель сыйлығының иегерлері қатысуда.  VI астаналық экономикалық форумын әлемдік БАҚ, олардың арасында  BBC, CNN, Euronews, Россия 24, РБК, CNBC және басқалар көрсетуде. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109