981

«Астана-Таңдауы» байқауына 213 шала туған сәбиге өмір сыйлаған дәрігер ұсынылды

«Астана-Таңдауы» байқауы қала тұрғындарына өз мамандығыныңһас шеберлерін іздеп, табуға мүмкіндік береді.

«Астана-Таңдауы» байқауы қала тұрғындарына өз мамандығының һас шеберлерін іздеп, табуға мүмкіндік береді. Мәртебелі пациенттер, оқушылар мен құрылысшылар немесе қарапайым ғана еңбек адамдары аталған байқауға қатысу үшін белсенді түрде өтінім беруде.  Байқауға қатысуға тілік білдірген өтінімдер күн сайын түсуде. Төребеков Мақсат Айтмұханбетұлының сауалнамасы ұйымдастырушылардың назарын аударды. Өйткені, аталғандар тізімінде өзімен аты-жөні бірдей Астана қаласында дәрігер болып жұмыс істейтін Төребеков Думан Қажыбайұлы да бар болып шықты. Алайда, елорданың №1 Перинаталдық Орталығының жас балалар кардиологының сауалнамасындағы автордың құрғақтау да сыпайы жасалған жұмыстары туралы жаза салғаны ұйымдастырушыларды тіптен таңқалдырды. 

Мақсат Төребеков үшін өмірге араша түсу – бұл күнделікті жұмысы сияқты, жай ғана жаза салады: «Әлемдік статистикамен бірдей өлім қауіптілігі  2,4%  219 ота жасалды». Ал пациенттер үшін – бұл 213 сәбидің өмірін құтқару. Бұл Мақсат Айтмұханбетұлының  еңбегінің арқасында  213 отбасына шаттық сыйланды, қуаныш келді деген сөз. Әрине, нағыз қаһармандықтың көрінісі осы емес пе?!

Отыз үш жылдық еңбек өтілі бар кардиохирург дәрігер Мақсат Төребеков Ақтөбе қаласында туып, орта мектепті үздік бітіргеннен кейін медицина академиясына оқуға түсті. 2007 жылдан 2011 жылға дейін Ақтөбе, Орал қалаларында кардиохирург болып қызмет етті.  Астана қаласындағы №1 Перинаталдық Орталықта Мақсат Айтмұханбетұлы салмағы 752, 850 және 1200 грамм болып, шала туған үш нәрестенің жүрегіне ашық ота жасады. Сәтін салғанда, осы үш сәби де қайтадан өмір есігін ашып, ата-аналарының көз қуаныштары болуда!

 Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық ауруханасының»  нефрология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаратын  Төребеков Думан Қажыбайұлының еңбегі ерліктен кем емес. Медицина ғылымдарының докторы, АМУ АҚ клиникалық ординатура кафедрасының доценті, ішкі сырқаттар резидентурасы дәрігерінің айтуынша, дәрігердің міндеті науқасты тек қана емдеп қана қоймайды, оған психологиялық қолдау да көрсетеді.

  «Науқастың жан дүниесін түсіне  отырып, оларға кәсіби медициналық қызмет көрсетуді өз парызым санаймын. Әсіресе, бүйрек сырқатына шалдыққан, бүйрек терапиясының емін алып жүрген науқастарға ерекше қамқорлық қажет. Олар  бүйректі ауыстырып салғанға дейінгі өз өмірлерін аурухана керуетінде таңылумен  өткізеді. Осы санаттағы науқастар өзіне және қоршаған ортаға кері әсермен қарайды, сары уайымға салынады, ашу-ызаға ерік береді, өзін-өзі қадағалай алмайды. Ал бұл кеселге ұшырамасына ешкім де кепілдік бере алмайды,» - дейді Думан Қажыбайұлы.

 1992 жылы Думан Төребеков Целиноград Мемлекеттік медицина университетін тәмамдады. 2010 жылы докторлық диссертация қорғады. Көп жылдан бері тек дәрігерлікпен ғана емес, педагогикалық қызметпен де айналысып келеді. Британдық Кеңес бағыты бойынша курстан өткеннен кейін оған шебер-оқытушы мәртебесі берілді. 

Еске салайық, «Астана Таңдауы» Жалпықалалық байқауының міндеті еңүздік – «Педагог», «Қоғамдық көлік жүргізушісі», «Учаскелік инспектор», «Дәрігер», «Энергетик», «Жолшы» және «Құрылысшы»  мамандық иелерін іздеп тауып, жариялау. Аталған байқау олардың еңбектерін замандастарына кеңінен танытып қана қоймайды, кейінгі өскелең ұрпаққа осы мамандықтың қыры мен сырын көрсетіп, айтулы кәсіптің мәртебесін арттыруға мүмкіндік туғызады.   

 «Астана Таңдауы» байқауының қаһарманын олардың жанқиярлық еңбегі мен кәсіби шеберлігіне көз жеткізген кез келген астаналық таңдай алады. Сауалнама-өтінім қабылдау  2013 жылдың 10 маусымына дейін жалғасады. Үзіктерді елорда тұрғындары Астана қаласыныңәкімдігі сайтында 10-нан 30 маусымға дейін дауыс беру арқылы таңдайды. 

Байқауды ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын үздік кәсіби тұлғалар туралы, мына мекен-жайға: 010000, Астана қ, Бейбітшілік к-сі, 25 үй, 401 кабинет; немесе astana-tandauy-2013@mail.ru электронды поштасына немесе astanaday@gmail.com жолдауын сұрайды.  Барлық мәселелер бойынша  8 (7172) 910-842, 910-845 (факс) телефондарына хабарласуға болады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109