814

Мәслихат депутаттары заңды кәсіпкерлерді қолдауға шақырады

Бүгін Астанада қалалық Мәслихаттың бесінші шақырылған кезекті сессиясы өтті. Сессияда елордадағы шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту жөніндегі шаралардың жай-күйі, әлеуметтік-мәдени даму.

Бүгін Астанада қалалық Мәслихаттың бесінші шақырылған кезекті сессиясы өтті. Сессияда елордадағы шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту жөніндегі шаралардың жай-күйі, әлеуметтік-мәдени даму, отандық өндірісті қолдау, Астана қаласындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету мен өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері қаралды. 

Қалалық Мәслихат хатшысы Сансызбай Есілов қатысқан сессия отырысы Уәлихан Досаевтың  төрағалығымен өтті. 

Депутаттардың айтуынша, биылғы жылы Астанада 40 кәсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсету жоспарлауда. «Бизнестің жол картасы - 2020» жүзеге асырылған сәттен бастап, 3500-ден астам жұмыс орны ашылып,  елорданың экономикасы едәуір өсті. Осы аталған бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде 1 миллиард 577 миллион теңгенің 26 жобасына қолдау көрсетілді. 

Алайда, көптеген шешімін таппаған мәселелер де бар. Депутаттардың айтуынша, елордада кәсіпкерліктің табысты дамуына қарамастан, шағын және орта бизнестің толық қарқын алуына  кедергі келтіретін келеңсіздіктер де аз емес. Заңды кәсіпкерлер бизнеспен заңсыз айналушылардан зардап шегуде. Олар ҚР заңдары бекіткен ережелер мен талаптарды еш сақтамайды. 

Халық қалаулыларының айтуынша, заңсыз такси қызметімен айналысатындарға, көшеде сауда сөрелерінде жеміс-жидек, көкөніс сататындарға тыйым салынуы қажет. Олар заңды кәсіпкерліктің қолын байлап, оның дамуына бәсекелестік туғызуда.  Депутаттар бірін-бірі заң талаптары мен шарттарын мүлтіксіз орындайтын заңды кәсіпкерлерді қолдауға шақырды. Сол арқылы көлеңкелі экономиканы жарыққа шығарып, заңсыз бизнестің дамуына жол бермеу керектігін алға тартты.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109