1005

Астана орманы Көкшетауға дейін созылады

2011 жылғы егілген ағаш аумағы - 970 гектар. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «жасыл белдеу» аумағын аралап шықты. Астананың төңірегіне жыл сайын 5 гектар үйеңке, қарағай, терек, бүлдірген, тағы да басқа жеміс ағаштары отырғызылады.

2011 жылғы егілген ағаш аумағы - 970 гектар. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «жасыл белдеу» аумағын аралап шықты.

Астананың төңірегіне жыл сайын 5 гектар үйеңке, қарағай, терек, бүлдірген, тағы да басқа жеміс ағаштары отырғызылады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының  Президенті:

«Мен қаланы дамытумен бірге елорда маңында жас көшеттер отырғызу міндетін қойдым. Барлығы да бұл далада ештеңе өспейді деп ойлады, ғалымдар жер қыртысы кенеулі екенін және көп күш жұмсау қажет болатынын айтты. Бірақ, көріп отырмыз, орман алқабы бүгінде 65 мың гектарға жетті, оның 14 мың гектары қаланың ішкі аумағын қамтиды. Бұл көшеттер жазда шаңнан, қыста боран мен қарлы борасыннан қорғайды. Нәтижесінде қала климаты жұмсара түсті».

Астана-Шортанды тас жолы теліміне ағаш отырғызылады. Ал, 2015 жылы орман қала шетіне жақындап, 2048 гектар жерге түрлі ағаштар егілетін болады. Сонымен қатар елорданың «жасыл белдеуінде» қырғауылдар, қоян, түлкі, қарсақ, борсық, елік,тағы да басқа аңдар көбейетін болады.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі:

«Біз бес қатарлы белдеуді емес,  шын мәнінде қаламыздың «демалысын жеңілдететін» үлкен орман алқабын қалыптастыруымыз қажет. Алғашқы 1997-2003 жылдары отырғызылған қатарларда нақты рекреациондық аймақты – Астананың тұрғындары мен қонақтары үшін демалыс аймағын дамытуымыз қажет. Бүгін Қазақстан Президенті бізге «Жасыл белдеудің» Бас жоспарын одан әрі дамытуға тапсырма берді. Осыған орай қонақ үйлер, ат қоралар салынып, су тоғандары, демалыс орындары мен жағажайлар пайдаланылатын болады».

Астананың табиғи аймағын да орманға айналдыру жоспарлануда.  Сонымен қатар, елорда маңындағы 11 гектар бос жатқан жер жобалау-сынақ жұмыстары үшін бөлініп отыр.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109