955

Астанада ЖЭО-2-де күл шығару жұмыстарын рекультивациялау жеделдетілді

Астанада бірнеше күннен, атап айтқанда, 25 маусымнан бері ауаның шаңдануы байқалады. Бұған себеп, ЖЭО-2 өткізген күлді сыртқа шығару жұмыстары болып отыр.

Астанада бірнеше күннен, атап айтқанда, 25 маусымнан бері ауаның шаңдануы байқалады. Бұған себеп, ЖЭО-2 жүргізіп отырған  күлді сыртқа шығару жұмыстары болып отыр. Мұндай жағдайға осы кездегі желдің көтеріліп, табиғи-климаттық жағдайдың бұзылуы да өзіндік әсерін тигізді. Ол уақытша сипат алған құбылыс. Бұл туралы astana.kz  сайтына Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қатты отынды жаққан кезде технологиялық үдерістерге сәйкес күл шығатыны белгілі. Осы қалдық қазандық-шұңқыры толған кезде сыртқа шығарылуы тиісті.

Технологиялық циклдерге сәйкес «Мемлекеттік сараптама» РМК-да сараптаудан өткен, мемлекеттік өкілеттік органдармен келісілгенЖЭО-2 №1 күл шығару жүйесінің №1 рекультивациялық секциясында осындай жоба әзірленген. Жобаны әзірлеуші Қарағанды қаласындағы «Biosphere Kazakhtan» ҰИО» ЖШС болып табылады. Оны жүзеге асыру үшін 2013 жылдың 27 мамырында «Астана-Энергия» АҚ мен «Gold-Sity» ЖШС мердігерлік ұйымы арасында қажетті жұмыстарды өткізу жөнінде келісім-шарт жасалған.

Қазіргі кезде мердігерлер дайындық жұмыстарын аяқтады. Енді төгілген күлдің үстінен су құйып, сол күл телімдерін топырақпен көмеді. Одан кейін арнайы техникамен бетін тегістейді.  

Сонымен қатар, топырақты төкпес бұрын жобалау шешімдеріне сәйкес күл кептіріледі. Бұл арнайы техниканың кедергісіз одан әрі жұмыс істеуіне, соның ішінде топарық төгу үшін де қажеттілік болып саналады.  Осыған байланысты қатты жел тұрған кезде, екпіні 8 м/с, күлдің бір бөлігі ауаға көтерілгені рас.  

Қазіргі кезде рекультивация жұмыстарын жеделдеу қолға алынды. Бұл ЖЭО-2 №1 күл шығару жүйесінің №1 рекультивациялық мерзімін азайтуға септігін тигізетін болады.

  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109