911

Астана тарихын фото және мұрағат құжаттарымен көрсетті

Бүгін Астананың мерейтойы құрметіне қалалық Мұрағат және құжаттама басқармасы мен «Астананың мемлекеттік мұрағаты» ММ «Астана тарихы мұрағат құжаттарында» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды.

Бүгін Астананың мерейтойы құрметіне қалалық Мұрағат және құжаттама басқармасы мен «Астананың мемлекеттік мұрағаты» ММ «Астана тарихы мұрағат құжаттарында»  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды. 

Конференция жұмысына елордадағы мұрағат ісінің даму жағдайы мен келешегін талқылауға ниет білдірген  мұрағатшылар, тарихшылар мен қоғамдық жұртшылық өкілдері және студенттер шақырылды. Сонымен қатар, осы іс-шараға қатысу үшін Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы мемлекеттік тіркеу қызметі мұрағат агенттігінің директоры Орынбай Ахмедов, Омбы облысының мұрағат орталығының директоры Галина Бородина, тағы басқа адамдар келді.

Конференция өткізу аясында Астана қаласының мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Свердлов облысының Мұрағаттар басқармасы арасында, сондай-ақ, «Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты» ММ мен Бішкек қаласының Мемлекеттік мұрағаты арасында ынтымақтастық жөніндегі Келісімге қол қойылды. 

Конференция соңында қаланың мұрағат мекемелерінің үздік қызметкерлері марапатталып, «Астана менің тірегім» атты елорданы арқа төсіне көшіру кезінде түсіріліп, бұрын еш жерде жарияланбаған құжаттар мен фотоқұжаттар көрсетілді. 

«Бүгін мұнда Астана қаласының бірегей фотоқұжаттары бойынша ұйымдастырылған көрме келушілердің назарын аударды. Қызылорда мен Ташкент қаласы бойынша да осы қалалардың өкілдері өздері әкелген фотоқұжаттарын ұсынды» - дейді astana.kz сайтына Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының жетекшісі Алма Шоқаева.

Конференцияға қатысушылар кейінгі кезде мұрағат материалдарын пайдалануға деген қызығушылық бұрынғы қай кезден де арта түскеіні атап көрсетті.  Мұрағат жұмысында да соңғы жылдары кеңінен таныту бағытында оң өзгерістер жүріп, қаланың санқырлы тарихына байланысты бай ақпараттық негіздерді ұсыну мүмкіндіктері молая түскен.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109