1131

Елордада 3D үлгісінде «Астана - менің қалам» бірегей картиналар көрмесі ашылды

Бүгін, 28 маусымда «Шабыт» шығармашылық сарайында Қала күніне арналған 3D үлгісінде «Астана - менің қалам» бірегей картиналар көрмесі ашылды. Жаңа технологияларды пайдаланған 3D үлгісінде картиналар алғаш рет ұсынылып отыр.

Бүгін, 28 маусымда «Шабыт»  шығармашылық сарайында  Қала күніне арналған 3D үлгісінде «Астана - менің қалам» бірегей картиналар көрмесі ашылды. Жаңа технологияларды пайдаланған даму болашағы бар 3D үлгісінде картиналар Астанада  алғаш рет ұсынылып отыр. 

Көрмені салтанатты жағдайда танымал қыл қалам шебері Тілеужан Батанов пен «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Салтанат Әли ашты. 

«Картиналар кеңестік пен нақты өмір шындығын ұштастыра отырып, жас суретшілердің көркем ойларын жеткізеді. Сол арқылы үлкен серпіліс туғызады», - деп атап көрсетті көрмені ашарда танымал суретші. 

Іс-шара Қазақстан суретшілерінің өнерін қолдау, Астана мәдениетінің дамуына үлес қосып, жас таланттар еңбегін халыққа таныту мақсатында өткізіліп отыр. 

 Ресми ашылудан кейін, елордалық суретші Айша Саид жетекшісі Т.Батановпен бірге 3D картиналарын жасаудың технологиясы бойынша бірқатар шеберлік дәрісін өткізді. 

Әдеттен тыс, бірегей көрмені көруге көрнекті қыл қалам шеберлері, еліміздің мәдениет, қоғам және саясат қайраткерлері, Астана қаласы Суретшілер одағының мүшелері, жас суретшілер, сондай-ақ, Мәслихат депутаттары мен қалалық басқармалардың жетекшілері қатысты. 

Көрме 28 маусымнан 7 шілдеге дейін жалғасады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109