567

Елордада «IntelHouse.EcoCity-2013» көрме-конференциясы ұйымдастырылады

Елордада «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында энергия үнемдегіш технологиялар мен жасыл экономика саласындағы түрлі іс-шаралар қолға алынды. 20-22 қарашада Астанада әлемнің жетекші технологияларын ұсыныатын «IntelHouse.EcoCity-2013» көрме-конференциясы ашылады.

Елордада «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында энергия үнемдегіш технологиялар мен жасыл экономика саласындағы түрлі іс-шаралар қолға алынды. 20-22 қарашада Астанада әлемнің жетекші технологияларын ұсыныатын «IntelHouse.EcoCity-2013» көрме-конференциясы ашылады. Іс-шара аталған саладағы барлық өндірушілер мен тұтынушылар үшін бизнес алаңға айналмақ.

"ExpoDesign" көрме-сервистік компаниялар тобы astana.kz сайтына хабарлағандай, іс-шара аясында келушілердің назарына құрылысқа, қауіпсіздік жүйесіне, жарықтандыруды, климатты басқару жүйесіне арналған озық жүйелер мен технологиялар, энергия үнемдегіш технологиялар, ғимаратты басқарудың зияткерлік жүйелерінің жаңа технологиялық шешімдері ұсынылады. «Ақылды», энергия тиімді және экологиялық қаланы дамытудың инновациялық технологияларын енгізу бағдарламаларын жүзеге асыру жеке бөлімде көрсетілген.

Конференция жұмысына жаңа технологияларды жасау және енгізудегі әлемдік көшбасшылар қатысады, онда «енжар және белсенді үйлерді» жобалау және салу саласындағы әлемдік тәжірибемен, жаңартылатын энергия көздерімен, Германия және Финляндия елдерін мысалға келтіре отырып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртумен танысып, көзбен көру мүмкіндігі туады. 

Бұдан басқа, көрме аясында өтетін конференцияға қатысушылар құрылыс пен кез-келген мақсатта салынып жатқан нысандарды жарақтаудың жаңа технологияларымен танысады. Айта кетейік, іс-шара барысында мамандар «жасыл» құрылысқа, балама және жаңартылатын энергия көздері мен энергия үнемдегіш технологияларға қатысты мәселелерді қарастырады.

Еске салайық, «IntelHouse.EcoCity-2013» көрме-конференциясы 20-22 қарашада «Көрме» орталығында өтеді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109