782

«Балбөбек» балалар шығармашылығы байқауының жеңімпаздары анықталды

Елордада «Балбөбек» балалар байқауы қорытындыланды. Алақайлаған балақайлар еліміздің әр өңірінен келген. Балалар шығармашылығын дамытуды мақсат ететін байқауда басты назар да, бар қошемет те кішкентай өнерпаздарға арналды. 5 жасар Қасымжомарт байқаудың ең кішкентай қатысушысы.

Елордада «Балбөбек» балалар байқауы қорытындыланды. Алақайлаған балақайлар еліміздің әр өңірінен келген. Балалар шығармашылығын дамытуды мақсат ететін байқауда басты назар да, бар қошемет те кішкентай өнерпаздарға арналды.

5 жасар Қасымжомарт байқаудың ең кішкентай қатысушысы. Тәтті қылығымен ғана емес, әсем үнімен де көрермен назарын жаулаған Қасымжомарт «Вокал» аталымы бойынша «Көрермендер көзайымы» жүлдесін жеңіп алды.

Қасымжомарт Ақылбек, байқау қатысушысы:

Менің атым Қасымжомарт. Мен ән айтқанды өте қатты жақсы көремін. 5 жастамын, балабақшаға барамын. Ол жақта ән айтып, сабақ оқуды үйретеді. Үйде ән айтып дайындаламын. Мен бұл байқауда мынандай диплом алдым.

Аталған іс-шарада 5-10 және 11-14 жас санатында «Вокал»,  «Хореография» аталымдары бойынша 20 би тобы, 25 жас орындаушы бақ сынады. Жалпы, байқауға 300 жуық бала қатысқан.

Марат Омаров, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:

Жалпы, «Балбөбек» байқауы балалардың жыл бойы күтетін байқауы. Мұндай байқаулар қазір өте қажет. 4-5 жастағы балапандарды қалай ренжітеміз?! Олар әрине сахнаға шыққанда біреуі жылап қалады, біреуі микрафонды ұстай алмайды. Бұларңға әрине кешірімді. Бірақ, дегенмен қасиетті де киелі сахнаға шығып өздерін шыңдағаны керемет, өздеріне көптеген сабақ алды деп ойлаймын.

«Балбөбек-2013» балалар байқауында «Вокал» аталымы бойынша ересектер тобында астаналық Айымжан Кабсалямова бас жүлде иегері атанды. Ал, кіші топта Шымкенттен келген Владислав Пампуровтың бағы жанды. «Хореография» аталымында елордалық қатысушылардың жолы болды. Ересектер тобында «Тұмар» халық би ансамблі, кіші топта «Жемчужинки» ансамблі бас жүлдені қанжығаларына байлады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109