635

Астанада ҚР Тұңғыш Президентінің күніне орай А.Дінікеевтың жеке көрмесі өтеді

14 қарашада Қазіргі заманғы өнер мұражайында Татарстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Асғат Дінікеевтың «Дала кентаврлары» атты жеке көрмесі өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына мұражайдың баспасөз қызметінен хабарлады.

14 қарашада Қазіргі заманғы өнер мұражайында Татарстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Асғат Дінікеевтың «Дала кентаврлары» атты жеке көрмесі өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына мұражайдың баспасөз қызметінен хабарлады. 

Мерейтойлық есептік көрмеге әр жылдары түрлі техникада салынған 100 астам экспонат қойылады. Мұражай коллекциясынан 8 жұмыс ұсынылады, қалған картиналар А.Дінікеевтың жеке коллекциясынан алынған. 

«Мені халық мотиві және мифология қызықтырады. Ұлттық ойындар көбінесе халықтың жан рухын жеткізеді, сол себепті, оны өз шығармашылығымда қолданамын. Тарихи тақырып та мен үшін жат емес. Соңғы жылдары өз мәнерімді, ойымды жеткізу құралдарын тапқан сияқтымын. Ал өнертанушылардың ісі - бұл картиналардың жанрын анықтау. Соңғы жылдары жақсы әрі жемісті жұмыс істеп жүрмін, бұған қуаныштымын» - дейді көрменің авторы А.Дінікеев. 

Көрмеде «Тұңғыш Президенттің Астанаға келуі», «Бақыт құсы», «Болашаққа секіру», «Ойна, сырнай», «Мен шексіз әлемде, жер шарында, квадратта», «Жаңа қазақтар», «Ұшатын татар», «Суретші мен періштелер», «Той күні жақындады», «Музыка», «Жайлауға» және т.б. еңбектер көпшілік назарына ұсынылады. 

Айта кетейік, туындылардың басым бөлігі бірқатар тарихи оқиғаларға арнап салынған. Халықтың еңбегі, тұрмысы, салт дәстүрлері, кентаврлар, фантастикалық пейзаждар табиғатпен үйлесімділіктің көркемдік көрінісі ретінде автордың шығармашылығында ерекше орын алады. 

Асғат Ахметвафиеұлы - Астана қаласының белгілі суретшілерінің бірі. 1969 жылдан бері облыстық, аймақтық, республикалық және шетелдік көрмелерге қатысады. Суретшінің еңбектері еліміздің көптеген қалаларында, таяу және қиыр шетелдерде ұсынылған. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109