595

Астана мен Санкт Петербург өзара Келісімге қол қойды

Елорда әкімдігінде Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов Санкт Петербург губернаторы Георгий Полтавченконы қабылдады. Кездесу барысында 2013-2015 жылдарға арналған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және гуманитарлық бағдарлама бекітіліп, қала басшылары Келісімге қол қойды.

Елорда әкімдігінде Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов Санкт Петербург губернаторы Георгий Полтавченконы қабылдады. Кездесу барысында 2013-2015 жылдарға арналған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және гуманитарлық бағдарлама бекітіліп, қала басшылары Келісімге қол қойды.

Иманғали Тасмағамбетов, Астана қаласының әкімі:

Астана – қарқынды дамып келе жатқан қала. 15 жылдың ішінде халық саны үш есеге өсті. Ал, жыл сайын өзге өңірлерден 50 000 жуық тұрғын көшіп келеді. Алайда, біз қала халқының санын көбейтуді мақсат етпейміз. Десе де, көшедегі ағылған көлікке тоқтау қою мүмкін емес. Ал, жаңа, заманауи көлік айналымын салу үшін алыс-жақын шетелдік кәсіпкерлермен әріптестік байланыс орнату керек. Осы орайда, сіздермен жұмыла жұмыс істеуге дайын екендігімізді жеткіземіз.

Ортақ мәміле нәтижесінде Ресейдің мәдени астанасында «Астана» ірі сауда және іскерлік орталығының бой көтеретіні нақтыланды. Сондай-ақ, ел астанасының даму барысы мен халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу жайы да назардан тыс қалмады. Санкт Петербургтен келген делегаттар көрмеге қосар үлестерін сөз етті. Екіжақсы келісімнен кейін қатысушылар ортақ мақсатқа негізделіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жұмыс істеуге уағдаласты.

Георгий Полтавченко, Санкт Петербург қаласының губернаторы:

Астана 15 жылдық мерейтойын атап жатыр екен. Байқауымызша қалада құрылыс қарқынды жүріп, жаңа ғимараттар бой көтеруде. Сіздер өз астаналарыңызды белгілеп, құрылысты жаңа парақтан бастадыңыздар. Сондықтан алға ұмтылуға негіз де жоқ емес. Бүгінгі қол қойған Келісім екіжақты ынтымақтастыққа әкеліп, қарым-қатынасымызды дамыта түседі деп сенемін.

Ресми кездесу кешкісін Бейбітшілік және келісім сарайында жалғасады. Онда Санкт Петербургың Астанадағы күндері мәдени бағдарламасының ашылу салтанаты өтеді. Бұдан бөлек қала басшыларының қатысуымен өтетін бірнеше шара жоспарланған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109