773

Ауған соғысының ардагерлері елордалық жаңа полиция қызметкерлерімен кездесті

Астанада Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылған күнінің 25 жылдығының қарсаңында Ауған соғысының ардагерлері елордалық полицияның жаңадан қабылданған қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Ішкі істер департаментінен хабарлады.

Астанада Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылған күнінің 25 жылдығының қарсаңында Ауған соғысының ардагерлері елордалық полицияның жаңадан қабылданған қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Ішкі істер департаментінен хабарлады. 

Елордада полиция бөлімшелерінде қызмет еткен ауған жауынгерлері, полиция майорлары Сапарғазы Байғалиев, Ерболат Серікбаев  және қалалық ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Таңабергенов полицияға қызметке келген ІІД ЖОО-ның 16 түлегімен тәжірибелерімен бөлісті. Дәстүр бойынша Ауған соғысының ардагерлері тәртіп сақшыларының жас буынына ІІД мұражайында танымдық экскурсия өткізіп, Ауған соғысына қатысушылардың тағдыры мен ардагерлердің ерліктері туралы айтып берді.

«Бұл соғыста 9 жылдың ішінде 15 мың жауынгер қаза болды. Ал аман қалғандар экстремалды жағдайларға талай рет тап болып, ажалмен арпалысты. Бүгінде Ауғанстанда өткен жылдар басқа өмірде болғандай көрінеді: Ауған жолдарымен жүріп өткен мыңдаған шақырым, әскери көлік ұшақтарында өткен ондаған сағаттар, қаншама әскери операция мен жеке бас трагедиясы. Біз қызметтестерімізді, жас жігіттерді мырыш табытқа салып, әкетіп жатқандарын өз көзімізбен көрдік», - дейді полиция майоры Сапарғазы Байғалиев.

Кездесу соңында ардагерлер құқықтық тәртіп қызметкерлерінің жаңа буынына Отанына қызмет етіп, адал еңбек етуге шақырды.

Өз кезегінде, полицияға жаңадан қабылданған жастар мұндай кездесулердің соғыстан ерлікпен өткендерді мақтан етуге және олардан үлгі алуға итермелейтінін атап өтті. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109