763

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – болашақтың белесі

Бұл – бір елде өмір сүріп, бір мақсатқа жұмылған қуатты Қазақстанның мұратты жастары. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын қолдау мақсатында ұйымдастырылған акцияда ине шаншар жер болмады. Мақсаты асқақ, рухы биік қыз-жігіттер еліміздің әр өңіріде өткен шараны Астанада осылай түйіндеді. Расында, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы елес емес, болашақтың белесі.

Бұл – бір елде өмір сүріп, бір мақсатқа жұмылған қуатты Қазақстанның мұратты жастары. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын қолдау мақсатында ұйымдастырылған акцияда ине шаншар жер болмады. Мақсаты асқақ, рухы биік қыз-жігіттер еліміздің әр өңіріде өткен шараны Астанада осылай түйіндеді.

Талғат Рахманберді, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

Елбасының «Мәңгілік ел» идеясының аясында бүкіл халық, Астана жұртшылығы, белсенді жастарымыз бір идеяның жанында бірігіп, болашаққа қарышты қадам жасауға үлкен мүмкіндік жасайтын ой. Осы идеяның арқасында қала тұрғындары, азаматтарымыз еліміздің, жеріміздің қарқынды дамуына өз үлестерін қосады деп ойлаймын.

Бақытбек Смағұл, ҚР Праламенті мәжілісінің депутаты:

Иманмен нұрланған, біліммен шыңдалған азаматтар болуға тиісті. Ол күндіз-түні еңбектеніп, біліміміз аса терең болғанда ғана біз ел боламыз, қайыспас бел боламыз. Жауапкершіліктен біз ешқашан қашпауымыз керек. Оны біз жасамағанда, жастар жасамағанда, сырттан біреу келіп жасап бермейді. Оны біз жасауға лайықтымыз әрі тиістіміз.

Расында, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы елес емес, болашақтың белесі. Ал, сол белесті бағындыратын жігері жасымаған, рухы басылмаған қайраты тасыған осы жастар. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109