Сарыарқа ауданында сенбілікке 100 техника тартылады
Астанада 19 сәуірде өтетін жалпы қалалық сенбілікке Сарыарқа
ауданында 100 техника тартылады. Бұл туралы astana.kz сайтына Сарыарқа ауданы
әкімі аппаратынан хабарлады.
«19 сәуірде жалпы қалалық сенбілік аясында 100 техника, соның ішінде 80 жүк көлігі және 20 тиегіш тартылады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, «Астана Зеленстрой» мердігерлік ұйымы скверлерді жинау, гүлзәрларды тазарту және ағаштарды кесу жұмыстарын жүргізеді, Н.Тілендиев даңғылында 450 ағаш отырғызылады. Бұдан басқа, сенбілікке қатысушылар керек-жарақтармен және қалалық полигонға қоқыс шығаруға талондармен қамтамасыз етіледі.
Ведомствоның хабарлауынша, 7 сәуір - 7 мамыр аралығында өтетін экологиялық айлық аясында «Астана қалалық жарық» ЖШС, «Елорда-Жарнама» ЖШС, «Астана Жылу транзит» ЖШС, «АстанаГазҚызмет» ЖШС, «Астана РЭК» АҚ, «Астана Су Арнасы» МКК, «ССТ Лайтинг» ЖШС коммуналдық кәсіпорындары нысандарды тиісті қалпына келтіреді.
Экологиялық айлық аясында аудан аумағында заңсыз жиналған қоқыс үйінділері жиналады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz