Астанада жылыту маусымы 20 сәуірде аяқталады
Елордада осы аптада жылыту маусымын аяқтау көзделген. Бұл
туралы astana.kz сайтына қалалық Энергетика басқармасынан хабарлады.
«2013-2014 жылғы жылыту маусымын осы аптада аяқтау жоспарланған. Сыртқы ауаның орта тәуліктік температурасы +8С құрайтын болады», - деп хабарлады ведомстводан.
Жылыту маусымын аяқтау ауа райына байланысты болады.
Айта кетейік, метеорологтардың айтуынша, елордада түнде әлі де төмен ауа температурасы сақталып отыр. «Қазгидромет» РМК хабарлауынша, осы аптада Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, түнде ауа температурасы -3;+2°С, күндіз +10;+15°С болады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz