3971

Проблемалық нысандардың үлескерлері Астана қаласының әкімдігіне алғыс білдірді

Проблемалық құрылыс нысандарының 15-тен астам ТҮҚК өкілі тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия төрағасы мен мүшелеріне алғыс хаттар табыс етті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

2018 жылдың аяқталуына орай Астана қаласы әкімдігінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының жыл бойы жүргізілген жұмыстарының қорытындысы шығарылды. Қорытынды отырыста ТҮҚК-нің өкілдері комиссия төрағасы мен мүшелеріне жыл бойы көрсеткен қолдауы, көмегі,  берген кеңестері үшін ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар табыс етті.

Айта кетейік, жыл басталғанда ВАК-тың бақылауында проблемалы 62 құрылыс нысаны бар еді.  Ведомствоаралық комиссияның жұмыс қорытындысы бойынша үнемі бақылауда проблемалық нысандардың саны 28-ге дейін қысқарды («АСИ» компаниялар тобы, «Азбука жилья» ЖШС компаниясы, «Орал Дизайн Строй Сервис» ЖШС, «Тамыз Инвест Групп» АҚ, «Төленді» ЖШС, «АССМ» ЖШС және тағы 11 құрылыс компаниясы).

Негізгі жұмысты «Елорда» құрылыс компаниясы» ЖШС уәкілетті ұйымы жүргізуде. Мұнда қаржылық және техникалық аудит, жобалық-сметалық құжаттамалардың сараптамадан өту тетігі әзірленді. Осы мақсаттарға «Нұрлы Жер» бағдарламасының аясында 40 млрд. теңге қарастырылған.

Сондай-ақ, ВАК-тың бақылауында тағы 23 нысан бар. Бұл нысандар бұрын проблемалық нысандардың қатарында болатын. Бірақ, ТҮҚК-ні құру, жобалау және құрылыс жұмыстарының нәтижесінде құрылысты аяқтау механизмдері, әзірленіп, бүгінгі таңда үлескерлер оны өз күшімен құрылыс жұмыстарын аяқтап жатыр.

Бұл ретте 23 нысанның 10-да адамдар тұрып жатыр. Қазіргі таңда олардың жобалық-сметалық құжаттамасын қалпына келтіру және объектілерді пайдалануға беру бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

«Роял Экспо» ТК және «Талисман» ТК –рін қоспағанда басқа объектілердің барлығына қатысты жұмыстар ұйымдастырылды, ал екі ТК-ні бойынша қозғалған қылмыстық істер бүгінгі таңда аяқталған жоқ.

Сондай-ақ, үлескерлердің проблемаларын түпкілікті шешу үшін Астана қаласының әкімдігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық проблемалық нысандардың құрылысын 2020 жылдың соңына дейін аяқтау жөніндегі Жол картасын әзірлеп жатыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109