1080

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесі туралы ереже

Нұр-Сұлтан қаласы

мәслихатының

2019 жылғы 29 наурыздағы 

№ 372/47-VI шешімімен

бекітілген

 

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесі туралы ереже

  1. Жалпы ережелер
  1. Осы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ережеге сәйкес әзірленді.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесі (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) –коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп жергілікті мемлекеттік басқару органдары құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.
  3. Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 

2-тарау. Қоғамдық кеңес құру жөніндегі жұмыс тобын құру тәртібі

1-Параграф. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімдері.

  1. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрамы мемлекеттік органдар өкілдерінің қатарынан және Заңда белгіленген тәртіппен коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің, азаматтардың қатарынан конкурстық негізде қалыптастырылады.
  2. Жұмыс тобының сандық құрамын Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының хатшысы жұмыс тобының мүшелерін іріктеу конкурсына дейін анықтайды.

         Жұмыс тобы құрамындағы мемлекеттік органнан өкілдік жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспауға тиіс. Осы өкілдіктің дербес құрамын Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы өзі анықтайды.

         Азаматтық қоғам атынан өкілдік жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

  1. Жұмыс тобының құрамын Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы бекітеді.
  2. " Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты" ММ (бұдан әрі-мәслихат аппараты) бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) өзінің интернет-ресурсында Мемлекеттік органдардың және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан жұмыс тобының сандық құрамын, құжаттарды беру мерзімдерін, сондай-ақ құжаттар жіберілетін пошталық және электрондық мекенжайларын көрсете отырып, жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыру жариялайды.
  3. Конкурсты өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.
  4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды тапсырады:

 1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес өтініш нысаны;

 2) коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелерін ұсыну туралы жазбаша ұсынысы (бар болса);

 3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

  1. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, бір жұмыс күні ішінде жұмыс тобына үміткерлер тізімі жасалады.
  2. Кандидаттардың тізімі аяқталғаннан кейін бес күнтізбелік күн ішінде жұмыс тобының отырысы жұмыс тобының кандидаттарының қатысуымен өткізіледі. Ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін жұмыс тобының отырысына коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.

 Мәслихат аппараты жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландырумен бір мезгілде бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) өзінің интернет-ресурсында құжаттарды беру мерзімдерін, сондай-ақ құжаттар жіберілетін почталық және электрондық мекенжайларын көрсете отырып, байқаушылардың тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізу туралы хабарландыруды орналастырады.

 Байқаушы ретінде жұмыс тобының отырысына қатысу үшін бақылаушы болуға ниет білдірген тұлға мемлекеттік органға осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа бақылаушы ретінде қатысу үшін өтініш береді не электрондық поштаға жібереді.

  1. Жұмыс тобының отырысын өткізу уақыты мен орны туралы жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттарды, байқаушыларды мәслихат аппараты отырыс өткізілгенге дейін үш жұмыс күні бұрын хабардар етеді.

 Мәслихат аппараты жұмыс тобының отырысын дайындау мен өткізуді ұйымдастыру мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.

  1. Жұмыс тобының отырысын Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы, жұмыс тобының басшысы (бұдан әрі – жұмыс тобының басшысы) өткізеді.
  2. Жұмыс тобының бірінші отырысында дауыс беруге жұмыс тобының басшысы, Заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған мемлекеттік органның өкілдері, Коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттар қатысуға құқығы бар. Коммерциялық емес ұйымнан Кандидат, азамат өз кандидатурасы үшін дауыс беруге қатыспайды. Кандидаттардың отырысқа қатысуы міндетті.
  3. Отырысқа келмеген кандидаттар бойынша дауыс беру жүргізілмейді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар жұмыс тобының құрамына сайланды деп есептеледі. Бірдей дауыс жинаған үміткерлерге қатысты жұмыс тобының басшысы шешуші дауыс құқығын өзіне қалдырады.
  4. Жұмыс тобының шешімі отырыс аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде мәслихат аппаратының ресми интернет-ресурсында жарияланады. Жұмыс тобының отырысында хаттама жүргізіледі,оған жұмыс тобының басшысы мен хатшы қол қояды. 

2-Параграф. Жұмыс тобы қызметінің тәртібі 

  1. Жұмыс тобы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

 1) қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау туралы конкурс туралы халықты хабардар етеді;

 2) қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын анықтайды;

 3) қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін жүргізеді;

 4) қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын әзірлейді.

  1. Жұмыс тобының отырысы жұмыс тобының басшысын ескере отырып, жұмыс тобы мүшелерінің жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
  2. Жұмыс тобы кезекті құрамның қоғамдық кеңесі өкілеттігінің барлық мерзіміне құрылады.

3-тарау. Қоғамдық кеңесті құру тәртібі

  1. Қоғамдық кеңесті мемлекеттік органдардың өкілдері арасынан және конкурстық негізде-коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан жұмыс тобы қалыптастырады.

 Қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынуы мүмкін.

 Қоғамдық кеңестің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын жұмыс тобы айқындайды.

  1. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыруды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) мәслихат аппаратының интернет-ресурсында орналастырады. Хабарландыруда құжаттар жіберілетін мемлекеттік органның атауы, почталық және электрондық мекен-жайы, беру мерзімі, конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі және заңның 10-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес кандидаттарға қойылатын талаптар көрсетіледі, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан Қоғамдық кеңестің сандық құрамы көрсетіледі.
  2. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін жұмыс тобына қажетті құжаттарды қоса бере отырып, қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар бойынша ұсыныстарды жазбаша нысанда (пошталық немесе электрондық мекенжайға) жібереді.
  3. Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде ұсынылады.
  4. Жұмыс тобы құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде отырыста Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар бойынша келіп түскен құжаттарды талқылауды және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді өткізеді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар қоғамдық кеңестің құрамына сайланды деп есептеледі. Бірдей дауыс санын алған кандидаттар бойынша жұмыс тобының жетекшісі шешуші дауыс құқығын өзіне қалдырады.
  5. Мемлекеттік органнан Қоғамдық кеңеске өкілдік конкурсты өткізбей Астана қаласы мәслихатының хатшысымен бекітіледі.
  6. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамы Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешімімен бекітіледі және Қоғамдық кеңестің құрамы бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) мәслихат аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
  7. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының жетекшісі ашады, онда ашық дауыс беру арқылы төраға, хатшы және қоғамдық кеңес төралқасының барлық құрамы сайланады.

4-тарау. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру

1-Параграф. Қоғамдық кеңестің қызметін жүзеге асыру тәртібі

  1. Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатарынан Қоғамдық кеңес қызметінің басымдықтарына қарай комиссиялар құрады.
  2. Қоғамдық кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде үш айда бір рет өткізіледі.

Қажет болған жағдайда Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспары Қоғамдық кеңестің отырысында әзірленеді және бекітіледі.

  1. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі. Қоғамдық кеңес мүшелерінің бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуына жол беріледі.
  2. Өз өкілеттігі шеңберінде Қоғамдық кеңестің төрағасы:

 1) қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;

 2) осы Ережеге және отырыстың күн тәртібіне сәйкес отырыстарда төрағалық етеді;

 3) қоғамдық кеңестің шешімімен айқындалған тәртіпте қоғамдық кеңестің мүшелеріне олардан ұсыныстар келіп түсуіне қарай кезектілік тәртібімен сөз береді;

 4) қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстарын келіп түсу тәртібімен дауысқа салады;

 5) дауыс беруді жүргізеді және оның нәтижелерін жариялайды;

6) қоғамдық кеңес отырыстарының хаттамаларын жүргізуді бақылайды;

7) қоғамдық кеңес атынан құжаттарға қол қояды;

8) қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру бойынша қызметті үйлестіреді;

9) жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органның отырыстарына кеңесші дауыс құқығымен қатысады;

10) өзі болмаған кезде қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне төраға міндеттерін атқаруды береді;

11) қажет болған жағдайда Қоғамдық кеңестің отырыстарында қаралатын мәселелерге мемлекеттік органдардан қосымша материалдар сұратады.

  1. Ұйымдастыру мәселелерін шешуді қамтамасыз ету, қоғамдық кеңес отырыстарын дайындау және өткізу, қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімін бақылау мақсатында Қоғамдық кеңес хатшысы:

1) қоғамдық кеңестің отырысы өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, оның мүшелерін отырыстың өткізілетін уақыты мен орны, қарауға шығарылатын мәселелердің тізбесі туралы электрондық почта арқылы хабардар етеді;

2) қоғамдық кеңес мүшелерін шешім қабылдау үшін қажетті материалдармен, құжаттармен және ақпаратпен қамтамасыз етеді;

3) қоғамдық кеңес отырыстарын өткізуді ұйымдастырады;

4) қоғамдық кеңес шешімдерінің жобаларын дайындайды және оларды интернет-ресурс немесе электрондық пошта арқылы немесе үш жұмыс күні ішінде қолма-қол Қоғамдық кеңестің барлық мүшелеріне жеткізеді;

5) қоғамдық кеңестің қызметін қамтамасыз ету бойынша басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Хатшы болмаған кезде оның функциялары Қоғамдық кеңес отырысының хаттамалық шешімімен Қоғамдық кеңес мүшелерінің біріне жүктеледі.

  1. Қоғамдық кеңестің мүшесі жазбаша түрде өтініш беру арқылы оның құрамынан өз еркімен шыға алады.
  2. Қоғамдық кеңестің мүшесі денсаулық жағдайы бойынша не заңда белгіленген тәртіппен өзге де негіздер бойынша оның жұмысына қатысу мүмкін болмаған жағдайда қоғамдық кеңестің шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін.
  3. Қоғамдық кеңес конкурстың нәтижелері бойынша немесе Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік органның шешімі бойынша шығып қалған өкілеттік мерзіміне оның орнына Қоғамдық кеңестің құрамына жаңа мүшені енгізу туралы шешім қабылдайды.

2-Параграф. Отырыстарды өткізу және шешім қабылдау тәртібі

  1. Қоғамдық кеңес жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады, олар оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп саналады.
  2. Қоғамдық кеңестің отырыстары Заңның 5-бабының 1-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша өткізіледі.
  3. Қажет болған жағдайларда Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша Қоғамдық кеңестің отырысына қатысу үшін мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, Кәсіподақ және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін.
  4. Қоғамдық кеңестің отырысында хаттама жүргізіледі, онда:

 1) отырысты өткізу күні мен орны;

 2) қатысушылардың саны;

 3) сөз сөйлеген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

 4) күн тәртібі, есептің мазмұны және сөз сөйлеулер.

  1. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады.
  2. Мәселелерді қарау нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдардың қарауы үшін міндетті болып табылатын ұсынымдарды қабылдайды.
  3. Қоғамдық кеңестің шешімдері Қоғамдық кеңестің отырысына қатысып отырған мүшелердің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Шешімдер хаттамамен ресімделеді, оған Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.
  4. Қоғамдық кеңестің отырысында қаралатын мәселелер бойынша шешім қабылдау кезінде Қоғамдық кеңестің әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
  5. Қоғамдық кеңестің бекітілген жоспарына сәйкес және қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілуі мүмкін. Қоғамдық тыңдаулардың тәртібі мен өткізілуі Қоғамдық кеңестер туралы Заңмен айқындалады.

5-тарау. Өтпелі және қорытынды ережелер

  1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасымен регламенттелетін жергілікті қоғамдастық жиналысын қалыптастыру тәртібіне қолданылмайды.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесі туралы Ережеге 1 - қосымша

 

 

Нысаны

 

Кімге ___________________________
(жергілікті өкілді органның атауы)

кімнен_____________________________
_________________________________
(Өтініш берушінің т. а. Ә., жеке куәлік №___________, берілді (қашан, кім))
тұратын жері: ___________
(елді мекен, көше, үй, пәтер)

Өтініш

 Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына қосу үшін өз кандидатурамды ұсынамын ________________________________.

 Осы өтінішпен мен "қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

 Келесі құжаттарды қоса беремін:

 1) _________________________________________________________________

 2) _________________________________________________________________

 3) _________________________________________________________________

 4) _________________________________________________________________

"____"____________20___ ж. Өтініш берушінің қолы______________________

 

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесі туралы Ережеге

2-қосымша

 

 

Нысаны

 

Кімге ___________________________
(жергілікті өкілді органның атауы)

кімнен_____________________________
_________________________________
(Өтініш берушінің т. а. Ә., жеке куәлік №___________, берілді (қашан, кім))
тұратын жері: ___________
(елді мекен, көше, үй, пәтер)

Өтініш

 Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа бақылаушы ретінде қосу үшін өз кандидатурамды беремін.

 Келесі құжаттарды қоса беремін:

 1) _________________________________________________________________

 2) _________________________________________________________________

 3) _________________________________________________________________

 4)

 _________________________________________________________________

 "____"____________20___ ж. Өтініш берушінің қолы___________________

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109